Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен қалай шарт жасауға болады?

+1 дауыс
457 қаралым
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен қалай шарт жасауға болады? Қандай құжаттар қажет.
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау туралы шешім қабылдаған соң Сіз Банктің филиалдарына және Қызмет көрсету орталықтарына немесе Сіздің қалада орналасқан  «Қазпошта» АҚ және  «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшелеріне келіп жолығуыңызға болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін ең аз құжаттар топтамасы (түпнұсқалар) талап етіледі:
         ЖСН мәліметтері бар жеке куәлік;
         СТН (шартты өзіне жасаған жағдайда).
Шартты балаға жасаған жағдайда, қосымша – баланың туу туралы куәлігі беріледі.
Шартты үшінші тұлғаға жасаған жағдайда, қосымша – нотариатты рәсімделген сенімхат беру қажет.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған кезде Банктің комиссиялық алымын төлеу қажет.
 Комиссиялық алымның мөлшері туралы өзекті ақпарат Банктің http://www.hcsbk.kz/6966 сайтында орналастырылған.
<br>
Ақпарат [мына сайттан][1] алынды.


  [1]: http://www.hcsbk.kz/31535

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы