Жако ағасы осы жазбаңыз бен осылай іс-әрекетіңізді мүлдем түсінбедім?
Бұл жерде мәселе оңай сұрақ қою туралы жазған емеспін, мен қарапайым мысал ретінде қалай дұрыс сұрақ қою керектігін мысал ретінде жазып шыққанмын. Оны алдыңңы бетте ұстап тұрғаным дұрыс сұрақ қоя алмай, ілмектің не екенін ажырата алмай жүрген қолданушылар оқып түсініп алса деп жариялағанмын. 24 сағат бойы сайтта отырып сұрақтарды өңдеп отыру қандай екенін өзіңіз де білесіз. Кейбір қолданушылары ілмек сөздің орнына (,),көмек,өтінемін, қалай, т.б. деп дұрыс ілмек жазбай кетеді. Осы сұрақтарды өңдеп отыру, сұрақтарды бас әріппен жазбағаны үшін өңдеп бас әріппен жазып соңынан ? белгісін қойып отыру қаншалықты шаруа екенін өзіңіз де білесіз. Мәселе жағымпаздану дейсіз, мәселе жағымпаздану немесе т.б. емес, мәселе қолданушыларға қалай дұрыс сұрақ қою керектігін жеткізбек болғаным. Сайтымыздың мақсаты түрлі тақырыпта сұрақ қойып, жауап алу мақсатында ашылған. Сайтымыз блог емес, сондықтан сайтқа қатысты ой, ұсыныс, өзгертулерді сұрақ ретінде қойып жатамын. Қолданушылар өз ойларын жауап ретінде қалдырады. Оның несі айып?
Сайтқа алғаш кірген адам ең алдымен шынымен де балл жинап, өзін көрсеткісі келеді. Бірақ бірте бірте балдың жай ашейін екендігі, оны сайт қолданушылары мойындап қолдан келгенінше көмек беретін жан ретінде танығанда балл деген ашейін оған қолданушлардың көзқарасы маңызды болып өз ортасында сыйлы бола бастайды. Сайтқа алғаш келген қолданушыларды сен балл үшін неге олай етіп жатсың деп сөгудің қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Кейін сайтқа сіңісіп кеткен соң балл деген жайына қалып жатады. Осы сайт арқылы талай жанның онлайн арқылы танысып, офлайнда дос болып, әр қаладан бауыр тауып бұрыннан бірге өскен баладай болып кеткеніне талай мәрте көзім жетті. Солай болып қала береді де. Осы сайттың алғаш интернетке аяқ басқаннан талай буын қолданушыларды бір бірімен таныстырды, бауыр қылды. Кейбір қолданушылар біраз уақыт сайттан шеттеп қалып жатады. Оның орнына жаңа буын қолданушылар келіп жатыр. Бірақ қалдырған ақпараты келесілерге пайдалы, үнемі қол жетімді ақпарат көзі ретінде қалып жатты.
Менің бұл жазғаным сұрақ емес. Тек мысал болатын. Қалай сұрақ қою керектігін көрсету үшін. Мен элита болсын деп сұрақ қоймаймын, көбіне сайттың техникалық жағымен айналысып отырмын. Түрлі түрлі сайттың проблемаларын шешуді ойластырып отырамын. Одан қалса сұрақтарды өңдеп отыруым бар, одан бөлек жұмысқа орналасқанмын ол жақтың жұмыстарымен айналысуым керек. Уақыт кейде тым тапшы болып кетеді, жаңа -жаңа жақсы жобалар ойымда бар. Оны да іске асырып пайдалы дүине болса екен деймін, құдай қаласа жаз айына қатысты бір жобаны істеп көрсем деген ниеттемін. Ол да пайдалы сайт болмақ. Айта беретін болсам ой көп, одан да ауызбен орақ орғанымша іспен іс-істейін деп уақытымда тиімді пайдаланғым келеді. Айтпесе мен де пендемін, мен де шаршаймын, мен де жабығамын. Мен де ойлаймын, кейде арасында ерінемін, кейде шабыт алып істеп тастағым келеді, кейде кей көзқарастарға көңілім түсіп осы неге мен осыны істеп жатырмын, өйткенше өзіме-өзім уақыт бөліп жұрттың балдары секілді жүрмеймін ба деп ойлап қоямын.....
Admin
пікір