+1 дауыс
632 көрілді
Азаматтарды тіркеу кітабы жоғалған жағдайда оны қайта қалпына келтіруге болады ма? Тіркеу кітаптарын қалай қайта істеуге болады?

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша өзінің тіркелгендігін растау үшін АТК талап ету ҚР заңнамасымен тыйым салынды. Азаматтың тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжат ретінде оның тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында берілетін немесе электрондық үкімет порталында алынған мекен-жай анықтамасы болып табылады.

Азаматтарды тіркеу Кітаптарын алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:      
тұрғындарды тіркеу кітабын (үй кітабы немесе тіркеу карточкасы) жоғалтқан жағдайда, Ішкі істер департаментінің мекен—жайлық бюросынан мекен-жай анықтамасы;
тиісті негізде тұрғын үйді жекеменшікке алғандығын немесе оны пайдалануға, соның ішінде жалдау келісім-шарты негізін, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да негізде тұрғын үйге тіркеуді растайтын құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесі;
көрсетілген мекен-жай бойынша тіркелген барлығының жеке куәліктері мен туу туралы куәліктер (кәмелет жасына толмағандарға);
89 теңге (есеп шот 202101) көлемінде төленген түбіртек
Азаматтарды тіркеу Кітабын беру екі жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
...