Белгісіз Жалпы сұрақ | 3.3k қаралды
3.3k қаралды
Адамға ең керек бесеу не деп ойлайсыз? Бұл жерде тек қана зат емес!

6 жауап

Ғылым таппай мақтанба,
 Орын таппай баптанба,
 Құмарланып шаттанба
 Ойнап босқа күлуге.
 Бес нәрседен қашық бол,
 Бес нәрсеге асық бол,
 Адам болам десеңіз.
 Тілеуің, өмірің алдыңда,
 Оған қайғы жесеңіз.
 Өсек, өтірік, мақтаншақ,
 Еріншек, бекер мал шашпақ —
 Бес дұшпаның білсеңіз.
 Талап, еңбек, терең ой,
 Қанағат, рақым ойлап қой —
 Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абай атамыз айтпақшы,меніңше бес нәрсе осылар.Яғни:Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым
Талап, еңбек, терең ой,  

Қанағат, рақым ойлап қой —  

Бес асыл іс, көнсеңіз.
осы аталып отырған 5 асыл іске токталып кетесіз бе?
БІРІНШІСІ – біреуге тілін тигізуден сақтану;

ЕКІНШІСІ – ізгі әдептілік;

ҮШІНШІСІ – күдіктенуден аулақ жүру;

ТӨРТІНШІСІ – істеген ісін зеректікпен тындыра білу. осынын барин орындаса 5-ші сі болады

БЕСІНШІСІ алысы жақын болады, жат елі дос – жар болады, өзіне азық та, ағайын да табады.
Мхббт
Мхббт
мхббт
мхббт
мхббт

Бір ғана "махаббат" 5 рет қажет, меніңше.
Бұл жерде тек қыз бен жігіт арасындағы махаббат емес!
жоқ,жоқ жүрекке берік иман керек
Мамасыны қызы :))
иманды болу үшін де махаббат керек. Мысалы айналасындағы адамдарға, өмірге деген мхббт )
махаббатты сезіне білген адам ол жүрегіне иман енген адам деп билмимиз бе ,иманы жоктар махаббатты сезбейді, тек жамандыкты корип соны калап турады солай емеспе?
Ия дурыс Махаббат өмірдегі ең басты қасиет!
Адамға ең керек бес зат мұсылманның бес парызы

1 иман келтіру мұсылман болу.2 намаз оқу.3 ораза ұстау.4 зікір садақа беру. 5 қажылыққа бару
118,322 сұрақ
305,131 жауап
153,297 пікір
67,469 қолданушы