Еріккен қолданушы,алғашқы тарауы шынымен де онша қызық емес. Қызықтары әрі қарай оқысаң басталады. Бір рудың бетке ұстар азаматы өліп , соған Құнанбай әулетінің шақырылмауы , қаралы, қайғылы көштің салт дәстүр ұстауы, жоқтау айтуы, және осы елдің сол азаматының асын қалай өткізгені,Абайдың Тоғжанмен қайта кездесуі, Абайдың Ділдәға ұрын баруы,сол кездегі қазақтың салт- дәстүрі түгелімен өтеөте қызық етіп жазылған.Бір жағынан күйінесің,19-шы ғасырда басқа ЕВРОПА ЕЛДЕРІНДЕ ДАМЫҒАН КАПИТАЛИЗМ,ал қазақ даласында әлі феодализм,ағайынды- аталас,рулас қазақтар бір- бірінің малын барымталап, бір бірінің ауылын шауып,әйел бала шағаны зарлатып,қазақтын ұланғайыр бәріне артығымен жететін жеріне, жайылымға таласып,байыса мыңдап мал шашып, қатын үстіне қатын алып,бір- бірімен қырқыстырып,өсек-сыпсың әңгімемен өз қаны қазағымен соғысып жатқанына.Абай жолын оқысаңдар, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратып,,ұлттық құндылықтарды түсініп, рухани баюға көп көмегін тигізеді.