Меніңше әлі ешқайда жазылмаған, ешкім естімеген ақпараттар жазуға болады. Мысалы, оқушыларды бос жүрістен арылып, кішкентай болсада алдына үлкен мақсат қойып, еңбекке, оқуға талпынатындай нәрсе жазу керек. Сенің мақалаңды оқып көп оқушылардың миы оянып, менде сондай боламын, менде елімнің өсуіне көмектесемін дейтіндей болу керек деп ойлаймын. Басқаша ақпараттар түрлі газет - журналдарда жетіп жатыр. Мен 11-сыныпта жүргенде "жетімдер" туралы жазғам. Сондағы мақалада "мен бай адам боламын, содан соң еліміздегі жетімдерге аяқтан тұруына көмектесемін" деп жазған болатынмын. Соны көп оқушылар көріп, әсіресе қыздар бір жылап алған. Сосын аз жазсаңда ақпарат өте керемет болуы тиіс. Саны көп,жай мақаладан гөрі, аз да болса адамдар күтіп, таласып оқитындай болуы керек! Сәттілік тілеймін!