+2 дауыс
553 көрілді
Жақында жаңалықтан дәл осындай сөздерді естідім. Қытайдың бірнеше сайттары осылай жар салып жатыр екен. Чиншанло келесі алтында соларға алып беремін деп Қытайларға уәде беріпті. Ал нақты деректі әлі ешкім білмейді екен, Зулфияның өзі қазір қытайда демалыста көрінеді. Сіздердіңше ол қазақтарға жасаған сатқындық емес пе? Егер шынында да ол Қытайға бет бұрып кетсе, букіл қазақ оған ренжімес пе екен?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
"Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды"- деген,кетпесе атамнан ары, алды артына қос уыс топырақ. Қазақтың  намысын тек қана қазақтар ғана қорғай алады, себебі оның қаны қазақ.
0 дауыс
Әрине ренжиміз! кезінде қытай оларды шығармағанда біз таныттық емес пе! Жаттығатын жер бердік! Түрлі сайысқа қатысып Қазақстанда танылды! Ол қазақстанға қарыз! Сондықтан кетпеу керек!
Егер өзі солай шешетін болса өкінішке орай Қазақстанның қолынан ештеңе келмейді. 250000 $ берді, квартира, құны 100000 $ дай болатын көлік сыйлады, оның бәрі бір алтын үшін, бірақ сонын бәрін алды да Қытайына тайып тұрды. Тек Чиншанло ғана емес бүкіл Қытай бізге қарыз болуға тиіс меніңше
+2 дауыс
Кезінде Шыңғысханға Отырардың қақпасын ашып берген сатқынға Шыңғысқан сыйлық берудің орнына, оны өлтіріп тастаған. Себебі: сен өз Отаныңды (Отырарды) саттың енді саған мені сату түк емес деп оған сенбеген.
  Чиншанло кезінде өзінің Қытайын сатып Қазақстан үшін шыққан еді, енді оған Қазақстанды сату түк емес.
Дурыс айтасыз, толықтай келісемін...
0 дауыс
http://www.alaman.kz/?p=40039 осында жазылған оқып шық
Жауабыңызға рахмет) Қатты қуанып қалдым ғой көріп))
0 дауыс
Иә кеткенінің себебі қытаймен келісім шарттың мерзімі аяқталған
0 дауыс
Зульфия қайта оралды ғой естімедің бе
0 дауыс
Зульфия Чиншанло Қытайға қайта оралыпты ол рас.ТЕК АЙТ КЕТЕТІНІМ қытай жазушысы қазақтарды алдап соқты. Мүмкін рас болар?!Өз елін сүймейтін жан жоқ.Қазақтар Зульфияны танытқан да ,қолдаған да біз.Тек соны дұрыс өтесе дұрыс болар еді.
 Қазақтар айтады ғой  ЖАҚСЫ СӨЗ -ЖАРЫМ ЫРЫС .Тек жақсы сөз сөйлейік.
0 дауыс
Зульфия кетпейтін болды ғой!!!
кайдам кеше жаналыктан
түсінбедім...
+1 дауыс
Негізі өзге мемлекеттер ҚАЗАҚ елін көре алмайды. Дегеменде біз олардан алде қайда озып кете аламыз және бұл біздің қолымыздан келеді. Осыны білген өзге елдер аяқтан шалудың жолын іздеумен әлек болса біздің ел солардың өтірік өсектеріне жауап беріп ақталумен әлек болып жатыр. Қазақ атамыз айтқандай "Жау жағандан алған, ит етектен тартады",-демейтін бе еді, сондықтан әркімнің өтірік өсек сөздеріне еріп кетпейік бауырларым, біздіңде олардан артықшылығымыз көп. Зульфия Қазақстан еліне қайта келіпті ол енді тек ҚАЗАҚ елінің намысын қорғайды және Қазақстандық азаматша болыпты. Әлі талай Қазақстанның ТУЫ мен ӘН-ҰРАНЫ бүкіл әлемнің төрінде шырқайтын болды мен осыған сенемін. Не дегенмен қаны бір қазақпыз ғой. Қытайдың бізге еш қарызы жоқ өйткені Зульфия қаны қазақ қызы ғой тілі қытайлық болғанымен. Зульфия әлем рекордын жаңартып және өзіне тең келер ауыр атлетші қыз жоқ екенін кеше өткен Олимпиадада дәлелдеген. Рекордтар кітабына ҚАЗАҚСТАННЫҢ аты Зульфияның арқасында ойып тұрып орын алды емеспе? Тек Зульфия ғана емес 13 жыл бойы жанармаған әлем рекордын жаңартқан Ильяда бар, Светланада, Маяда бар осы саңылақтарымыз жасай берсін күш-қуаты артып әр сайыста жеңіспен оралсын!
керемет жауап, алғысымды білдіремін)
Иә өзге мемлекеттер ҚАЗАҚ елін көре алмайды,рас бірақ өзіміз қазақтар жалқау дейміз жаңылыспасам.
0 дауыс
Бәрі де өтірік!
Жаңалықтардан уже қанша рет айтты!
Ол ешқайда барған да жоқ...!
0 дауыс

Қайрат Тұрлыханов «Қазақ радиосының» тыңдармандарының сұрақтарына тікелей эфирде жауап беріп, «Зүлфия Чиншанло Қытайға қайтып оралды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл жайлы Зүлфия Чиншанлоның өзі естігенде аң-таң болыпты. Оны Қайрат Тұрлыханов Зүлфия Чиншанлоның өзімен тікелей телефон арқылы сөйлескенде білген. Сондай-ақ, Зүлфия әлі күнге дейін тіркеуде Қазақстанда тұрғандығын да айтты.
«Зүлфия Чиншанло қазанның 26-нан 27-іне қараған түні таңертең сағат 4-5 аралығында Алматы әуежайына келеді. Сол кезде барлық сұрақтарды өзінен сұрап білесіздер. Ал, әлгі ақпараттардың бәрі жалған», деді Қайрат Тұрлыханов. Бұл туралы  BAQ.KZ жазып отыр.

«Караван» газетінің тілшілері Чиншанлоның өзімен тілдесіп, оның елге  келетінін анықтаған:

- Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Мен Қазақстанға қайтып келемін, — депті чемпион.

...