0 дауыс
10.6k көрілді
Алтын күзге сценарий кажет?

3 жауап

0 дауыс

1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.

2-ж.:
Күн қарына алады,
Күз дің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.

1-ж.:
Екінші айы бұл күз дің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күз гі балын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күз гі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-ж.:
Келді міне, алтын күз ,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.

1-ж.:
Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті

2 -ж.: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

1-ж.: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)
2. «Күз ханшайымдарының» жарысы
• «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында шағын шығарма байқауы
• Өз өнерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)
• «Сен білесің бе?» Табиғат күнтізбесі, табиғат туралы халық ырымдары, болжамдары.
• Сән үлгісі (Киім, шаш үлгісі)
3. «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы
4. «Күз сыйы» – көрме. (Табиғи бұйымдар, икебана, т.б.)

Әділқазылар алқасын таныстыру

2-ж.: Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, -дей келе, бірінші топты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!

1-ж.: Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне.
Ортада екінші топ.

2-ж.: Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен.
Үшінші топты қошаметпен ортаға шақырайық.

1-ж.: Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып.
Жел сынсытса, қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып.
Төртінші топқа кезек берсек

2-ж.: Әлсін-әлсін күркілдеп,
Ашу қысып,
Зіркілдеп.
Бұлт
Оттығын шаға алмай,
Желп-желп етер шыр-пыр боп

1-ж.: Гу-гулейді жел өктем,
Қашты ебелек дедектеп
Сол, сол екен…
Боз тұман,
Құрды перде кенеттен.

«Күз ханшайымдарының» сайысын тамашалайық, ағайын!

І-номинация – «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында шағын шығарма байқауы (үй тапсырмасы)

2-ж.: Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді.

Кезекті келесі номинацияға беруге рұқсат етіңіздер. «Өз өнерін көрсету».

1-ж.: Қолшатырлар көбейіп,
Бұлт тұмшалады өңірді.
Келді міне алтын күз ,
Аспан жасы төгілді.
Күн қайтадан ашылды,
Ерке-шолжаң бейне іс.
Таңқалдырар адамды
Мың құбылған бейнесі.

«Сен білесің бе?» білгірлер сайысы

2-ж.:Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз .
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз .
Балақайлар алақайлап,
Мектеп іші нұрланды.
Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.

«Сән үлгісі» номинациямызға кезек берсек.

1-ж.: Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған,- деп ақын ағамыз жырлаған екен.

2-ж.: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

1-ж.: Өте жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Плакаттар» байқауына берейік. «Күз » тақырыбындағы плакаттар байқауы.

2-ж.: Жер бетінде гүлдеді,
Жер бетінде түрленді.
Жасырылған көмбедей,
Жер астында – түйнегі…
Мұндай жеміс көрдің бе,
Жемістерін тердің бе?…
Өсімдікті осындай,
Ал, санайық кел, бірге.

1-ж.: Ас дәмденер түрленіп,
Пиязды біз бір делік.

2-ж.: Екі дейік шалқанды,
Буға піссе ол дәмді…

1-ж.: Қызылшаны үш деп қой,
Сондай тәтті, тістеп көр!

2-ж.: Картопты аттап өтпелік,
Саусағыңды төрт деп бүк.

1-ж.: Күнде жейтін кәдімгі,
Бес дейік біз сәбізді.

2-ж.: Өсімдік көп…
Біліп ал:
1-ж.: Қойма дерсің түбін дәл…
Бірге: Жуа, пияз, сарымсақ,
Секілді де түрі бар…

2-ж.: Олай болса, «Күз сыйы» атты көрменің де кезегі келіп қалды.
(Әділқазылар көрмені аралап шығады)

1-ж.: Алтын күз де атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.

2-ж.: Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын- қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті.

Құрметті қонақтар, оқушылар! Әділқазылар алқасы бүгінгі байқауымыздың қорытындысын шығарғанша, біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!

(5-10 сыныптар үшін; бастауыш сынып оқушылары өздерінің сүйікті өлеңдерін оқиды, жаңылтпаштарын айтады)

Ойын «Кім тапқыр?» деп аталады.

Мен қойған 9 сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді, сол жеңіске жетеді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз бар.
1. Ең үлкен, ұшатын құс? (африкалық дуадақ)
2. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (кезеген альбатрос, 75-85 күн)
3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)
4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)
5. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)
6. Ең үлкен пингвин қалай аталады? (император)
7. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)
8. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
9. Жыл санауына кірген құс?(тауық)

Екінші кезеңде – «Полиглот» ойыны

Мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту керек:

1. Тал басында
Тундіксіз отау (құс ұясы – … – …)

2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды (жапалақ – … – …)

3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең –
Дүниені бүлдірер (от – … – …)

4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (пияз – … – …)

5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы – … – …)

Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)

Бәрекелді, балалар, білімдерің жақсы екенін көрсеттіңдер. Ал, енді әдіқазылар алқасына сөз берейік! (Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау, «Күз ханшайымын» анықтау)

1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

2-ж.: Жемісімен мөлдіреген бағы бар,
Сары күз дің саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ғана толқиды
Сары масақ, қауызында дәні бар.

1-ж.: Сары шалғын сыбдырласа белеңде
Салқын тартты сабыр тауып өзен кей.
Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен

Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

2-ж.: Бүгінгі жеңіске жеткен топты және мектепішілік «Күз ханшайымын» құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын! Келесі кездескенше!

0 дауыс

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

0 дауыс

 «Аяулы күз, Алтын күз - 2014»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2013» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2014» мерекесімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.) 
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету) Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді. 
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2014»атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен, 
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне. 
Отырыңыз қол соғып, 
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім. 

Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. 
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.

Атым - Манас болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қалижан асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз! 
Анашым Гүлсая Елемесеқызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлнұр апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған! 
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Айгул атты кішкентай қыздарыңмын.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
Намысты Нұрқожа Ассалаумағалуйким ел ағайын, 
Сөздің басы қашанда сәлемдескен. 
Ұлымын Мейрамбектің Нұрқожа атым 
Әжемнің ертегісін тыңдап өскен. 
Оқимын бірінші сыныпта, руым көкек, 

Бар Нұрлы, Айым атты бауырларым. 
Арудай Айкүміс Армысың жиналған дана халқым, 
Жақайыммын сақтаған елдің салтын. 
Мансұр атты інімнің қамқоршысы, 
Айкүмістің қызының Жасуланның. 
Өнерлі Өркен. Азан айтып Өркен депті есімің, 
Қонақтардан арылмайды есігім. 
Үйімде ұйытқы болар берекем, 
Атам менен әжемнің иесімін. 
Арғы тегім Мырзахмет әулетім, 
Үшқұдық шағын шаруа дәулетім. 
Ал халайық келіп қалдым алдыңа, 
Өнерімді сынамақшы алдыңда. 
Қырықтың бірі қыдыр депті бабамыз, 
Сиынарым әулие Бекет атамыз. 
Дарынды Дариға Нұрсұлтанқызы Дариға,
Руым тобын қоянмын 
Туған ауылым Үшқұдық 
Барлығына аянмын! 
Нысанбай атам, әжем Дина Папам мамам бәрі де. 
Абыроймен осы ауылда Еңбек етер әлі де. 
Сәлем берем ұстаздарға, 
Сәлем берем бәріңе!
Алтын ұл мектебім, 
Білім ұл мектебім, 
Білім алып шаттанамын. 
Жақсы оқып, тәртіпті топ 
Би билеймін, мақтанамын! Сымбатты Сағыныш.
Ата - әжемнің қуанышы, қызығы - Атам - Сағыныш, 
Нұрболаттың қызымын. 
Мінезі ұяң, инаббатты 
Отбасымның еркелеткен гүлімін 
Үшқұдығым - туған жерім, кең далам 
Өнер қуған өнегелі мен балаң 
Уа, халайық, қарсы алыңыз қол соға 
Саматова Сағынышың мен болам! 
Айбынды Алишер. Жиналған қошеметке, уа, халайық 
Сөзімізге жырдан алқа тағайық. 
Сәлемдесу - ата салты қазақтың, 
Алдыменен амандасып алайық. 
Аруағы аунасыншы аталардың, 
Бүгінге күн қабыл болғай аталардың. 
Тілеуін қос баланың тілеп келген. 
Арайланған Альмира. 
Армысыздар, бармысыздар ағайындар, 
Жарысқа келіп тұрған талайын бар. 
Иіліп сәлем берем, әділ қазы, 
Білінсін гүл - қыздардың ерке назы. 
Жайнаған гүл бәйшешек жаздың кезі, 
Құлпырған гүлдерменен жердің жүзі. 
Әкем Қобдыбай, анам Лаззат Альмира деп қойған екен есімімді. 
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру. 1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр» 
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Мендібайбай Ақжүніс пен Бақытқали Ақниет орындауында Алтын күз тақпағы.
Дамылдап жатқан балғандай 
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай 
Шашады жерге шашуын. 
Жүрексіз қоян безеді, 
Жөңкілсе қаңбақ күздегі 
Қиқулап көкте жүзеді, 
Құстардың керуен тізбегі 
Күйекте күйлі мал қанша. 
Алтын күз, әсем айналам 
Қараймын көзім талғанша.

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2014» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!

Ұқсас сұрақтар

...