Біраз уақыт өтіпті сондада жауап берейін. Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында,иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ. Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор. Күн қыза бастағаннан (наурыз айының аяғында) кейін және күздің соңғы айларында көшегешығар алдында бетке арнайы крем жағу керек. Секпілдің дағын байқатпау үшінбетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен тиімді. Жазғы уақытта бетті лимонның немесе пісіп жетілмеген қарақаттың шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудыңқажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды. Ал секпілді кетіру үшін емдік косметика кабинеттеріне барыпкөрінген жөн. Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрімен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады. Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайтаөршіп көбейіп кетеді. Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды. Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек. Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, тазаауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.