0 дауыс
347 көрілді
Мен мемлекет қызметкерімін, яғни ЖІІБ-де 1995 жылдан бері еңбек етемін. ҚР ІІМ Академиясының 4 курс студентімін. 2012 жылдың 19 қазанда бізге аттестация болды. Оның алдында 17 қазан 08-30-дан 19 қазан 02-15-ке дейін кезекшілікте тұрдым. 19 қазан 09-00-де мен екі күн демалмай аттестацияға барып, тапсыра алмадым. Соның нәтижесімен мені 19-нан бастап мені ІІО-да жұмыс істеуге болмайды, яғни "не  соотвествие" деп жұмыстан шығарып жіберді. Ертесіне Департамент бастығының аттестациядан өте алмағандарға 3 санат бойынша жұмыстан шығуға болады деген өкім шығыпты, онда біріншісі: өз еркімен жұмыстан боатылуға; Екіншісі: 45 жасқа толған азаматтарға зейнеткерлікке қалуға; Үшіншісі: Денсаулығына байланысты Зейнеткерлікке қалуға, ал мен үш санаттың үшеуіне де келмейді екенмін. Өйткені, бірініші себеп бойынша  өз еркіммен жұмыстан босатылсам мен енді ІІО-да жұмыс істеуге құқым жоқ екендігін және зейнетақы ала алмайтындығымды ескертті. Екінші себеп бойынша,  мен әлі 45 жасқа келген жоқпын, толық зейнеткерлікке қалуға. Ал үшінші себеп бойынша, яғни  денсаулығыма байланысты зейнеткерлікке қалуға тағы болмайды екен, өйткені мен осы еңбек еткен жылдарымда бірде-бір рет ауырмаппын, тіркеуде жоқ екенмін, яғни больничныйға қалып көрмеппін. Сонда маған аттестациядан өтуге бір мүмкіндік тиесілі ма, екі күн кезекшілікте тұрғанымды және ІІМ Академиясының 4 курсын оқитынымды, еңбек жолымдағы жетістіктерімді ескеріп аттестация тапсыруға мүмкіндік беріле ме?  Берілген жағдайда кімге, қайда жолығуым керек  нақты жауап берсеңіздер екен.

Сұраққа жауап беру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

...