Мail.Ru Агент – интернет арқылы хабарламалар жіберуге, алуға, ақпарат алмасуға арналған, 2003 жылы Mail.ru компаниясы жасап шығарған тегін бағдарлама. Сондай-ақ бағдарламада видеоқоңырау қызметі, тегін SMS жіберу және IP-телефония мүмкіндіктері орнатылған. Сонымен қатар агентте email-ге келген жаңа пошта туралы хабар беру қызметі бар. Бағдарламаға *@mail.ru, @inbox.ru, @list.ru, @bk.ru.* домендері арқылы кіруге болады. Mail.ru компаниясының берген мәліметі бойынша, Мail.Ru Агентке айына *21 млн.* адамдай тіркеледі екен. Қазіргі кезде *Windows, Mac OS, Java, Windows Mobile, Symbian, iPhone және Android* платформаларына мессенджер нұсқалары шығарылған. [Ақпараттың көзі][1]
Ал толықтай ақпарат орыстардың [ВИКИПЕДИЯСЫНДА][2]
[1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Mail.Ru_%D0%90%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%82
[2]: http://ru.wikipedia.org/wiki/Mail.Ru_%D0%90%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%82