0 дауыс
4.9k көрілді
Каспий теңізінде Акула бармекен?

4 жауап

0 дауыс
Сізде қызықсыз, әрине, жоқ. Тек үлкен қызылбалықтар бар.
Көк кит бар Ха
ықықыққықықық)))))))))))))))))))))))))))))))
қызыл балығы нес үсті қызыл балықпа сонда
Жоқ, әрине үсті қызыл емес, біздің жақта (Атырауда) "қызыл балық" деп осетра тұқымдас балықтарды (белуга, шоқыр осетра т.б.) айтады, қалғанын "қара балық" дейді
+2 дауыс

Бар ,онда барып шомылма, " АП " деп акулаcheeky жеп қояды !

+2 дауыс

Каспий теңізінде акула жоқ. Ондағы балықтаржайлы біле кетіңіз:::

Каспий балықтары


Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған.
                    КАСПИЙ АЛБЫРТЫ — албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік -батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты— албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың темп-расы 3 — 13°С-ка жеткенде) шашады, ұрығы 26 — 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты К. а-нын көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері — балықтармен (килька, ате-рина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қо-ректенеді. К. а-ның саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңт.-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кез-деседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
                              КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ — ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде т ү л е н деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей қоректендіреді. 2 - 3 айда өбден семірген ақүрпегін "май итбалық" деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды "қара итбалық" деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий итбалығы мекендейді.
                         КАСПИЙ ҚАЯЗЫ — Арал қаязыныңтүр тармағы, өткінші балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Дене түрқы 56 — 76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына үқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сөуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың темп-расы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 -- 1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан көсіптік маңызы шамалы.

very good
0 дауыс
Хахха вы че совсем в Каспий акулы нету и не будет!

Ұқсас сұрақтар

...