Абайдың құлақтан кіріп бойды алар деген өлең керек?

0 дауыс
2.3k қаралым
Маған Абайдың сол өлен керек. Скачать немесе онлайн тындауға керек?
• Санаты: Жалпы ән туралы

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға?

Біреу түртсе, я қақса

Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді түргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады

Құлағым ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тіріліп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын,

Жұрттың, жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын

Күнде алдағыш қуларға.

Есім шығып қашпаймын,

Мен ішпеген у бар ма?
әділет рахмет бірақ маған әні керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
27.06.2013 • Санаты: Психологиялық кеңес Белгісіз сұрақ қойды
127,768 сұрақ
322,339 жауап
153,150 пікір
72,799 қолданушы