0 дауыс
2.4k көрілді
қасабай батыр туралы мәлімет керек,слайд болса тіпті жақсы болушед.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қасабай (1713 ж. ш. қаз. Алакөл ауданы, Көктұмамекені, о.ж.6.) — батыр. Орта жүздегі Найман руы Қаракерей тармағының Тоқпак атасынан шыққан. Қасабай қазақ жерін Жоңғар хандығының езгісінен азат ету жолындағы күреске белсене қатысын, Қаракерей Қабанбай батырға серік болған. Аңырақай шайқасы мен Сайрам соғысында қалмақ батырларьмен болған жекпе-жектерде жеңіске жеткен. Батырдың ұрпақтары Алакөл ауданынында тұрады. 1993 ж. Қасабайдың 280 жылдығына орай осы аудаңдағы Еспембет сайында батырға ас берілді. [1]
0 дауыс
Жоңғар шапқыншылығы тұсында Қаракерей Қабанбай батырдың айнымас серігіне айналған мыңбасы Тоқпақ Қасабай торғауыттардың ондаған батырларымен жекпе-жек шайқаста жеңімпаз атанып, қазақ жерін ата жаудан тазартуға айтарлықтай үлес қосқан еді. Қартайған шағында Аякөз маңындағы Мамырсу жанында көз жұмып, сол жерде жерленеді. Алакөлдің абыз ақсақалы Жанахмет Бекатаров батыр бабасының басына кезінде тас қойып, үстіміздегі жылы ел азаматтарын жұмылдыра кесене тұрғызуды қолға алған еді. Сол Алакөлдің түлектері, Қасабай батыр ұрпақтары – Болат Сиырбаев пен Бауыржан Оспанов бастаған бір топ азаматтар осы мазардың тұрғызылуына сүбелі үлес қосты.
...