Жоңғар шапқыншылығы тұсында Қаракерей Қабанбай батырдың айнымас серігіне айналған мыңбасы Тоқпақ Қасабай торғауыттардың ондаған батырларымен жекпе-жек шайқаста жеңімпаз атанып, қазақ жерін ата жаудан тазартуға айтарлықтай үлес қосқан еді. Қартайған шағында Аякөз маңындағы Мамырсу жанында көз жұмып, сол жерде жерленеді. Алакөлдің абыз ақсақалы Жанахмет Бекатаров батыр бабасының басына кезінде тас қойып, үстіміздегі жылы ел азаматтарын жұмылдыра кесене тұрғызуды қолға алған еді. Сол Алакөлдің түлектері, Қасабай батыр ұрпақтары – Болат Сиырбаев пен Бауыржан Оспанов бастаған бір топ азаматтар осы мазардың тұрғызылуына сүбелі үлес қосты.