0 дауыс
18.7k көрілді
Күзгі балға Күзгі Stars атты топтың атын таныстру керек еді, комектесіп жіберіңіздерші өтінемін?

1 жауап

0 дауыс
Мейірім, нұрым- ұстазым
Нәр алған сенен ұрпағың,
Әлемнің жарық сәулесі,
Шұғыласындай сәскенің.

Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
(10 Ә)- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
(Мадияры) мен боламын.

Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.

Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.

Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!

Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.

Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.

Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам
Ғылыммен елің үшін танысқанға,
Өнердің сара жолын салып берген,
Бас ием Ұлы Абай данышпанға.

 

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Кұтты болсын күзгі бал салтанаты
 Сайыста ақ боз аттай оза шапқың
 Бас бермей бір-бірене ұшқыр оймен
 Қалардай естелік қып думандатқың
 Естелік деген сөзім соңғы жыл ғой
 Кетерміз мектептенде тасалап бой
 Еңсеңді биік ұстап тік көтеріп
 Жеткізеде білейк саналы ой
 Таныстырып өтемін озімди мен
 Мақсатыма жетемін тек көздеген
 Руым.....деген елдің
 Ару қызы мен ..... .....акем
 Бұл сайыста өз жұбым ..... болады
 Есіміне сай танылған оң мен солы
 Өз жұбыма сәттілік тілек тілеп айтып
 Тек қана алға бассын деп өмір жолы
 Ал біз бүгін 11"А"сынып түлектері
 Осылай көпке мәлім тілектері
 Әрине алтын ұя қымбат әркез
 Куансада қимастық жүректері
 Жетейік жарыстардан жарыстаға
 Біреуіміз жеңілмесек қалыс барма
 Бүгін оқушы келешек азамат боп
 Жетейік сол кезде мол табыстарға
...