0 дауыс
7.6k көрілді
Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (Үлгі:PronEng; 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады.
...