+1 дауыс
15.8k көрілді
Байлықтың атасы- еңбек анасы- жер тақырыбында шығарма тауып беріңдерші(өз ойларыңыздан болса да)

3 жауап

0 дауыс

Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында шаруашылықтар тарап, жұрт жұмыссыз қалған жоқ па?! Әсіресе, көзін шаруамен ашқан ауылшаруашылығы мамандарына қиын болды. Шаруашылықтың жыл он екі ай кезең-кезеңімен келетін науқандық жұмыстарынан бай тәжірибе жинақтап, бір шаруашылықты басқарса, дөңгелетіп әкетеді-ау деген білікті мамандардың қатарында «Трудовой пахарь» колхозының бас инженері Бөкенбай Битабаров та бар еді. Жұртқа мәлім бұл шаруашылық облыста оза шапқан озат шаруашылық болатын. Еңбек Ері А. Нахмановичтай білікті басшының басқаруымен шаруасы шалқыған колхозда мықты мамандар өсіп шықты. Осында өмірге келіп, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітіріп, еңбекке білек сыбана кіріскен жас маман Бөкенбай Битабаров автомеханик, жөндеу шеберханасының меңгерушісі, бас инженеріне дейінгі жолдан өтті.

Нарық заманында тараған колхоздың орнында шағын шаруашылықтар пайда болды. Қазір сол алғашқы шаруашылықтар ұмыт болды. Орнын жаңасы басуда. Алайда, 1999 жылы «Достық-99» шаруа қожалығын құрған білікті маман Б. Битабаровтың қожалығы осы жылдар аралығында тек өрлеу, өсу үстінде болды. Осы ауылдың 300 тұрғынының басын біріктіріп, олардың үлесіндегі жер телімдерін игеріп, ұқсатып отырған Бөкенбайға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Осы жылдар аралығында жұрттың үлесін алып, қара басының пайдасына бола тірлік етіп көпшіліктің обалына қалған талай пысықтарды көрдік қой.

Қазіргі таңда «Достық-99» шаруа қожалығының иелігінде 1276 гектар жер бар. Оның 636 гектары суармалы, 4500 гектары жайылымдық, 1000 гектары шабындық жер. Бұл – тиімді пайдаланса, табысты тасытатын байлық қой. Өйткені, атамыз қазақ «Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер» деген. Жермен жұмыс істеген шаруаның еңбегі қашанда берекелі болған.

Мұнда осы заманғы озық ауылшаруашылығы техникасының түр-түрі бар. Сондықтан 24 механизатор жыл бойы осында тұрақты еңбек етеді. Биыл бидайды – 320, мақсарыны – 320, арпаны – 400, жүгеріні – 46, жоңышқаны – 90, бақша дақылдарын 40 гектар жерге еккен қожалық айтарлықтай өнім алды. Енді жайқала өскен жүгеріге шалғы түсірмек. Осы уақытқа дейін егін шаруашылығымен айналысып келген қожалық енді мал шаруашылығын дамытуды да қолға алмақ. Осы мақсатта өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 12 миллион теңгеге 35 құнажын, 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. 7 пайыз өсіммен алынған бұл несие екі жылдық каникул жеңілдігімен берілген. Қожалықтың қарамағындағы 1000 бас қойды көбейту үшін жемшөп қорын жасау жоспарлануда. Алдағы қысқа дайындалған 1000 тонна шөп қыстау басына жеткізілді.

Өсіріп отырған егін дақылдары үшін мемлекет тарапынан субсидия алып келген қожалықтың еш қарызы жоқ. Жылды ондаған миллион теңге таза пайдамен аяқтап жүрген шаруашылықтың шаруасы кеңіп, жұмыс ауқымын ұлғайтуы заңды-ақ. Бюджет қоржынына қомақты қаржы аударып, аудан экономикасының артуына сүбелі үлес қосып жүрген шаруашылық – аудан мақтанышы. Биылдың өзінде ауылішілік жолдар жөнделіп, көгілдір отын кіріп ауылдардың берекесі кіріп жатса, ол осындай табысы мол кәсіпкерлер еңбегінің арқасы. Солардың арасында білікті маман, ұйымдастырушылық қабілеті бар Бөкенбай Битабаровтың еңбегі ерен екендігі даусыз.

Есіркеп Серікбайұлы

0 дауыс

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен — жерден, судан, өсімдіктер өлемінен, жануарлар дүниесінен, Жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.

Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (Жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) көне дәуірден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждық-тарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады. Тіршіліктің негізгі көзі ретінде саналады.

Биосфера — тіршілік тірегі. Ол адамзат баласымен және ондағы қоғаммен тығыз байланыста болады (биосфера — адам — қоғам)
Сонымен биосфера дегеніміз — біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат баласы жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған.

Биосфсра көптеген компоненттерден тұрады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы да, құдіреттісі де — жер, оңың үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері — адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады. Бір сөзбен айтқанда Жер тіршіліктің тірегі. «Байлықтың атасы -еңбек, анасы — жер», дейді қазақ. «Жері байдың — елі бай, «жер таусылмайтын қазына» деген халықтың даналы сөздерінде қаншама философиялық мән жатыр десеңізші! Құнарлы жерлер үшін көне заманнан бері қарай көптеген қан төгістер, неше түрлі ауыр соғыстар, ұрыс-тартыстар болғанын қазақ елінің ауыз әдебиеттерінен (фольклорынан), аңыз-ертедегілерінен белгілі. «Жер дауы — жесір дауы» деген проблемалар ұзақ жылдар бойы шешімі табылмай келе жатқан проблемалардың бірі.

Жер — біздің асыраушы анамыз. Адамзат баласы жердің бергенін даяр күйінде пайдаланып қана қоймастан, тарихи даму үрдісінде оны озі де өңдеп, игере бастады.
Адамзат баласының нағыз егіншілік кәсіппен шұғылдануы тарихи деректерге қарағанда, біздің жыл санау мерзімізге дейін 8500 жыл бүрын қалыптасқан дүние. Жср өндеу мен егіншілік жұргізудің қарапайым тәсілдерін тіпті осы күнде де кездестіруге болады. Мәселен, Жаңа Гвинеяның ну ормандары арасында цивилизациядан шалғай жатқан кейбір тұрғындар қазірге дейін жер өңдеудің қарапайым әдістерін қолданады.

Біздің ата-бабаларымыз да жерді өңдеп, егін егудің осындай тәсілдерін қолдана білгені бізге мәлім.
Жердің құдіретті күшіне адамзат баласы тәуелді болып, оған үнемі бас иіп, тіпті құлшылық еткен.
Көне заманда адамдар егін өсіру алдында тасаттық жасап, құдайға жалбарынған. Егіннің жақсы өсіп, мол түсім беру үшін адамдар тәңірге құрбандық беріп отырған. Тіпті мұндай құрбан-дыққа адамды шалу да орын алған. Бертін келе құрбандыққа тұтқынға түскен әскери адамдарды шалу кеңірек қолданылады. Алай да, егіншілік ісінің кең тарала бастауына сәйкес енді басы байлаулы құлдарды, тұтқындарды құрбандыққа шалудан гөрі, оларды жер өңдеуге. егін өсіруге пайдаланудың тиімді екендігі-айқын байқала бастады.

Биосферамыздың көлемімен алғанда құрлық оның елде қайда аз бөлігін алады. Цифрлар тілімен айтатын болсақ 15 миллион шаршы километрдей ғана өңделіп, ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланады. Міне біздің Жер деп аталатын планетамыздың бетіндегі жерді өңдеп, егін егіп, өнім алып, халықтар өсіп-өнуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ашық баспа беттерінде жарияланған деректеріне қарағанда, Жер бетінде 6 миллиардтан астам адам өмір сүріп отыр. Осыған байланысты азық-түлік өндірісі де артгырылуы тиіс. Бұл проблема — Жердің берерін тиімді пайдаланып, оның құнарлығын сақтауда және ұдайы артырып отыруды қажет етеді.

Қазақ мемлекетінде 35 миллион гектардай жыртылған егін егуге жарайтын жер бар. Сонымен бірге, 187 миллион гектар жерді шабындық пен жайылым алып жатады. Бұл көрсеткіш, сөз жоқ, зор байлық.
Жерді барынша күтіп, құнарлығын үнемі арттырып отыру қазақстан халықтарының ардақты борыштарының бірі.

Биосфераның басты элементтерінің бірі — су. Біздің плане-тамызда өзен, көл, мұхит, мұздық, бұлт және тұман жер асты сулары және т.б. түрінде кең таралған. Тіпті, тірі ағзаларының 65-70 пайызын су құрайды.

Осынау бір дәмсіз, иіссіз және түссіз зат барлық жандыға қуат беріп, тіршілікті сақтап тұратыны аян. Осыншама зор қасиеті бар, бүкіл тіршілікті өз қолында ұстап тұрған зат — судың гажап күші кімді де болса өзіне бас идіреді. Судың ғажап күшін адамдар ежелден түрлі мақсаттарға пайдалана білген. Олар судың күшін келтіріп, әдеуір жерлерді суаруға мүмкіндік алды.

Адамның өмір сүруі, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі үшін жеткілікті мөлшерде тұщы су қоры болуы қажет. Тұщы су қоры биосферада біркелкі мөлшерде таралмағап. Бір жерде тұщы су қоры мол , ал бір жерде өте аз.

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат — судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады. Тіпті биосферадағы тіршіліктің өзі алғаш рет суда пайда болып, суда өсіп өнгені, дамығаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. «Сулы жер, нұрлы жер», дейді қазақ. Су өмір нәрі. Судың келуімен құлазыған шел далаға жан бітіп, көкорай шалғынға ораньш, жайқалған оазиске айналады.

Адамзат баласы көне заманнан бері қарай суды өте бағалап, оның бастауын-таза ұстап, бұлақ, қайнар кездерін үнемі тазартып отырған.

Адамзат баласының қоныс тебу орыны су, бұлақ, өзен жағаларына жайғасқан. Сонымен су көздерін қорғау, оларды таза ұстау көне заманнан-ақ адамзат баласының күнделікті назарында болып келеді.
Сонымен Жер бетінде тіршіліктің пайда болып, онан әрі дамуында біз өзімізді суға қарыздармыз деп санаймыз. Су дегеніміз — тіршілік, тіршілік дегеніміз — су десек артық айтпаған болар едік, өйткені алғашқы тіршіліктің өзі суда пайда болған ғой. Демек, су — тіршілік тірегі.

Биосферадағы тіршілік атаулының өзегі және қайнар көзі болып саналатын өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем тірі дүние және ағза.

Жер бетінде күннен келіп түсетін сәуле энергиясы орасан зор. Осындай көп энсргияны бостан-босқа жібермей, қорға «жинақтай» алатын өсімдіктер әлемі жыл сайын 450 миллион тонна органикалық заттар (белок, май, крахмал, органикалық қышқылдар, неше түрлі витаминдер және т.б.) органикалық қосылыстар түзетінін ғалым-биологтар (физиологтар) есептеп шығарды. Керемет көлемдегі мұндай қызметті атқаратын жердің жасыл желегі күн сәулесі энергиясының көмегімен бұкіл биосферадағы тірі организмдерге қажетті өнімдерді ғана алады.

Тынымсыз бұл еңбектердің тіршілік үрдісі нәтижесінде биосферада жыл сайын 150 миллиард тонна көмір қышқыл ғазы сіңіріліп, 120 миллиард тонна оттек атмосфералық ауаға бөлініп шығады. Ғылыми деректерге қарағанда атмосфералык, ауадағы барлық оттектің қорының жиналуы өсімдіктердің оттекті бөліп шығарғаннан болғанын ғалымдар ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.

Осы кездс табиғи байлық қорлары — жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін, пайдалы қазбаларды қорғау керек болып отыр. Оларды қорғау дегеніміз — табиғи байлықтарды ұқыпты, тиімді пайдалану, ұқыпсыздық пен ысырапшылдыққа жол бермеу, табиғи байлықтың болашағын байқау, келешегіне зиян жасамау.
Биосфераның ауа, жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі. Бұл компоненттердің қай-қайсысы болмасын адамзат баласының дамуында шешуші роль атқарады.
Биосфера байлық қоры — бар игіліктің бастауы, тіршілік тірегі, білім бұлағы.
Биосфера — өз үйіміз, оның бар байлығы адамзат баласына қызмет етуге тиістігін, биосфераға деген кез келген жағымсыз әрекетінің қоғамға жат құбылыс екендігін әрбір саналы және сауатты азаматтың есте сақтағаны жөн.
Бірте-бірте биосфераның берерін бір жақты алып отырудың зардаптары да біліне бастады. Ұзақ жылдар бойы бір жерге егін, бау-бақша өсіре бергендіктен жердің құнарлығы төмеңдеп отырады. Көптеген орман-тоғайлар алқаптары өрт қоюдың әсерінен мүлде жойылып кетті. Андардың, балықтардың кейбір түрлері азая түсті. Тіпті өзен, көл, сулары да бара-бара жарамсыз болып қалатын жағдайлар орын алды. Дегенмен адамның өзгертушілік әрекеті әлі де болса кең көлемде болмағаңдықтан, мұндай өзгерістерді биосфераның өзі-ақ қалпына келтіріп отырды.
Көне дәуірде жабайы адамдар биосфераның тек дайын түрдегі өнімдерін пайдаланған болса, осы кездегі адам, ракета, компьютер, космос заманында біз оның алуан түрлі құпия жатқан байлықтарын тауып, барлық тіршілікке жаратудамыз.
Көне заманныц жабайы адамдары биосфера байлығын шексіз ғой деп ойлаған. Оларды адам айтқысыз ысырапсыз пайдалану жағдайында адамзат баласы биосферадағы экологиялық-биология-лық тепе-тендікті, бұзып, биосфера компоненггерін (өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, жер, су, ауа және т.б.) кейбір түрлерін жойып жібергенін бүгінгі танда біздер ертеде өмір сүргсн, осы уақытта тек қазбалардан табылған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан көругс болады. Мәселен, XX ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін бүкіл жер шарының биосферасында жайқалып өскен ит тұмсығы өтпсйтін орман тоғайлардың үштен екісі, сүтқоректілердің 105 түрі, оның ішінде соңғы елу жылға 40 түрі жойылғандығы бұл күндері кімдерді болса ойландыруға тиіс. Мұндай қасіретті жағдайға құстарда ұшырағанын айтпай кетуге болмайды. Өйткені соңғы екі жүз жылда ғана бір ғана бір уақытта орман-тоғай, бау-бақ, көлдер мен өзендердің көркі болған әнші-жыршы және басқадай лайдалы құстардың 44 түрі биосферадан мүлдем жойылып кетті.
Біздің ғасыр — техникалық, ғылымның барынша еркендеген заманы. Алуан түрлі механизмдермен машинаяар заманы екені белгілі. Қисапсыз көп техниканы қолына ұстаған қазіргі кездегі адамзат баласының биосфера компоненттерін (жер, су, өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесін) жер бетінен мүлдем жойып жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да биосфера компоненттерін қорғау проблемаларын алға қойьш отыр.
Биосфера ортасында өмір сүре отырып, адамзат баласы, оның байлықтарын пайдаланудың көптеген жасырын табиғи сырларын ашып, оларды тіршілік өміріне пайдалана білді. Ол табиғи байлық, қорларын меңгеруді жетілдіріп, биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-тендік механизмін дұрыс ұққан сайын биосфе-раға және оның байлықтарына жанашырлықпен қарау қажеттілігі идеясын ұсынып отыр.
Адамзат баласы қаншама жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де.
Биосфера байлығын қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, комплекс жургізілетін, ұзақ мерзімдік, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, қорыта келгенде биосфера компонентгерін (жер, су, ауа, есімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін) қорғау қазақ елінің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына денсаулығының мықты болуына, айналаны қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдай жасайды.
Биосфераның табиғи компоненттерін (жер, су, ауа) қорғау идеясы әсіресе мектеп оқушыларының, студенттердің, болашақ оқытушылардың күнделікті өмірінен, оқу тәрбие үрдісінен лайықты орын алуға тиіс. Бұл іске мектеп мұғалімдерінс, ата-аналарға, халық ағарту қызметкерлеріне пәрменді жұмыс жүргізуге, бұл жұмыстың формаларын жетілдіре түсуге тура келеді.
Биосфера жөне оның химиялық-биологиялық құбылыстары болашақ оқытушылардың танымдық қызығушылығын қалыптас-тырудағы ролі зор екені жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыста-рымыздың қорытындылары толығымен дәлелденді.
Валеологиялық зерттеудің мақсаты студснттердің танымдық қызылуын қалыптастырудағы Қазақстан биосферасының (жер, су, радиоэкологиялық жағдайы, және олардың биологиялық химиялық ролін) көрсету.
Валеологиялық зерттеу объектісі — болашақ оқытушыларға Қазақстан биосферасынан жер, су, радиоэкологиялық жағдайынан білім және тәрбие беруде студенттердің танымдық қызығуын қальштастыру процесі.
Валеологиялық зерттеу пәні — студенттердің Қазақстан биосферасына: жер, су, радиоэкологиялық жағдайына қызығуын тудырып, дамытудың әдістемелік жүйесі.
Волеологияның зертгеу болжамы — егер Қазақстан биосфера-сының жер, су, радиоэкологиялық жағдайына, мазмұнына нақтылы таддау арқылы: 1) негізгі және қосымша ғылыми деректерге құрылған танымдық материалдарды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік жүйесі жасалса, 2) қызықты қосымша танымдық, оқу матерналын енгізудің ғылыми-теориялық негіздері — анықталса, онда студснітердің — болашақ оқытушылардың Қазақстан биосферасына жер, су, радиоэкологиялық жағдайына, және оларға ғылыми пөн ретіндс қызығуы қалыптаса түсетіні сөзсіз. Мұның өзі осы, ғылыми пәндерден, олардың білім және тәрбие сапасын артуына жағдай жасальшады.
Валеологиялық зерттеудің мақсаты мен болжамына сөйкес мынадай міндеттері анықталды:
1. Жеке пәнге (биосфераға, ноосфера, экология, экожүйе, биологияға, химияға), танымдық қызығуды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік ғылыми-теориялық негіздерін саралау.
2. Студенттердің Қазақстан биосферасына (жер, су, өсім-діктер әлемі мен жануар дүниесіне радиоэкологиялық жағдайына қызығуын тудыратын биологиялық-химиялық материалдардың мазмүнын және танымдық ғылыми деректер түрлерін іріктеу,оларды оқу құралдармеи танымдық ғылыми-методикалық жүйесін жасауға пайдалану.
3. Іріктелген қызықты эксперименттерден, алынған материал-дар мен танымдық деректерді биосфераны, экологияны, химияны оқыту үрдісінде пайдаланудың әдістемелік жүйесін жасау.
4. Жасалған жүйені оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып оның тиімділігін дәлелдеу.
Валеологиялық зерттеудің әдіснамалық ғылыми негізгі — жеке тұлғаға білім және тәрбие беру тұрғысындағы философиялық таным теориясы, психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы, жеке басты тұлғаның, жеке сапаларының қалыптасуына адамзат баласының айналасын қоршаған ортасына тигізетін әсері жөніндегі көзқарастар, жоғары жүйке туралы И.П.Павловтың ілімі.
Жоғарыдағы міндеттерді орындау барысына мына зерттеу әдістері пайдаланылады:
1. Проблеманы шешуге байланысты арнайы және ғылыми-әдеби сипаттағы оқыту-методикалық, ғылыми-теориялық матери-алды таддау.
2. Жоғары оқу орындарында оқитын экологтарға — болашақ оқытушыларға Қазақстан биосферасының жер, су, радиоэко-логиялық жағдайы туралы оқылатын лекциялық курстардың және лабораториялық сабақтардың материалдарын талдау.
3. Университтетерде Қазақстан биосферасын (жерді, суды, ауаны, өсімдіктер әлеммен жануарлар дүниесін) жүйелі түрде пайдаланумен қатар оларды қорғау сабақтарында студенттердің танымдық әрекетін ұйымдастыру жайымен танысып, олардй талдау.
4. Тест — рейтинг жүйесі әдісі бойынша студенттердің біліміне бақылау жасау, жеке әңгімелесу және сауал-сұрақтар үлестіру педагогикалық жүмыстар жүргізу және басқада әдістерді пайдаланып студенттердің қазақстан биосферасына (жер, су, радиоэкологиялық жағдайына) қызығу деңгейін арттыру.
5. Арнайы дайывдалған танымдық ғылыми деректермеи экспери-менттерден алынған қорытындылардан Қазақстан биосферасына (жер, су, ауа, өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесіне, радиоэко-логиялық жағдайына т.б.) студенттердің қызығуын қалыптастыруға тигізетін әсерін анықтау үшін ізденушілік эксперимештер жүргізу. Олардан алынған ғылыми деректерге сапалық және сандық түрде ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
Валсологиялық зерттеу базасы — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және Алматы қаласымсн облысының мектснтерінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп алынған деректер ғылыми-зерттеу методикасына (әдістеріне) сәйкес өнделді.
Валеологиялық эксперименттік зерттеу нәтижелері Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми-теориялық конфсренцияларында, жоғарыда аталған мектептердің педагогика-лык кеңестері мен отырыстарында талқыланды, ағымдағы баспа-сөздс және журналдарда жарияланып, жоғары оқу орындарының, мектептердің пайдалануына ұсынылды.
Валеологиялық зерттеудің ғылыми жаңалығы және оқыту-методикалық, ғылыми теориялық маңыздылығына келетін болсақ, ол мына төмендегі принциптерден түрады.
а) студенттердің Қазақстан биосферасына танымдық жетіл-дірілген арнаулы -жүйенің қажеттілігі ғылыми түрғыдан негіздеу;
б) «қызығу», «танымдық қызығу», «бір пәнге қызығу», олардың ғылыми-теориялық ара қатынасы, мәндес ғылыми-теориялық ұғымдармен байланыстары айқындалды.
в) Қазақстан биосферасын оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығуын қалыптастыру үшін қызықты оқу материал-дарын және танымды моделдерді пайдалануына әдістемелік жүйесі ұсынылды. Неше түрлі әлемдік қызықты ғылыми деректер енгізілді.
г) Қазақстан биосферасының ғылыми негізде және қосымша деректерді қамтитын білімге және тәрбиеге негізделген танымдық ғылыми модельдердің түрлері, жасалу тәсілдері айқындалды.
Зерттеудің пракгикалық маңызы. Қызықты қосымша ғылыми деректер мен танымдық моделдерді, тірі объектілерді эксперимент-терден алынған материалдарды лекциялардың, лабораториялық-практикалық сабақтардың кез-келген бөлімдерінде пайдалану арқылы Қазақстан биосферасын (жерін, суын, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, радиоэкологиялық жағдайын т.б.) оқытудың тиімділігі артты, студенттер жеке пән Қазақстан биосферасының экологиясына, биохимиялық ерскшеліктеріне қызығып қоймай, сол салада білімін өздігінен көтеруге ынталана тусті.
Гсография — экология фақультетінде жұмыс істейтін оқытушыларына, профессорларына, доценттеріне, аға оқытушы-ларыиа, педагогикалық практика өткізетін студенттерге арналып, Қазақстан биосферасына, оның химиялық құрамынан танымдық әрекетті дамытуға көмектесетіп қызықты деректер және танымдық эксперименттерден алынған материалдар туралы, бірнеше мстодикалық нұсқаулар баспалардан басылып шығып жарық көрді.
Осы еңбекте келтірілген материалдардың дұрыстығы және ғылыми негізділігіне келетін болсақ, онда жеке бастың диалектикалық-материалистік теориясына негізделген танымдық қызығуды дамыту әдіснамасы, пәнімен мақсатына парабар ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалану арқылы дәлелденді. Мұның әдістемелік журналдар «Қазақстан жоғары мектебі», «ізденіс», «биология және химияда» жарияланған мұғалімдердің оң пікірлері құптап, дәлелденді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетінің студенттеріне автор баспада жариялаган маңызды материалдары педагогикалық практика кезінде тұрақты пайдалануы ғылыми-зерттеу нәтижесінің дұрыстығын нақтылай түсті.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан жинақталған материалдар бірнеше кезеңдерден қамтиды.
Бірінші кезенде (1985-1990 ж.ж.) — педагогикалық, психология-лық, әдістемелік және биологиялық, химиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасалды.
Зерттеліп отырған проблемалардың жоғары оқу орындарындағы жайын анықтайтын тестілік-рейтинг бақылаулар жүргізіліп, сауал-сұрақтар әзірленді, ғылыми-зертеулердің мақсаты мен міндеттері, болжамы сараланып, анықтаушы эксперимент қоятын материалдар дайындалды. Алматы облысынан, қалаларынан эксперимент өткізілетін мектептердің оқытушыларына әдістемелік нұсқаулар (сабақтардың күнтізбелік жоспарлары, сабақ беруге арналған жоспарлары) берілді.
Екінші кезеңде (1990-1995 ж.ж.) бұл кезеңді іздестіру (оқыту) және қалыптастыру кезеңі деп белгіледік. Студенттерге оқылатын лекция курстары модулдік типпен оқылатын материалдар іріктелініп алынды. Сондай-ақ лабораториялық-практикалық жұмыстардың материалдары іріктеліп, оларды жүргізудің әдістері белгіленді. Олар курсын және оның жеке тақырыптарын қамтитын оқу құралдары ретінде жарияланды. Осы құралдарды пайдалануға арналған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігі зерттеледі.
Үшінші кезенде (1995-2000 ж.ж.) автор Қазақстан биосферасының компоненттеріне — жер, су, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне, радиоэкологиялық жағдайына лабораториялық және дала жағдайларына топырақтан, судан, — қисапсыз көп үлгілер алып, оларға химиялық анализдер жасалынды. Зерттеу нәтижесі теориялық тұрғыдан нақтыланып, ғылыми корытындылар жасалынды. Барлық кезеңде жинақталған материалдар, эксперимент жұмысының нәтижслері ғылыми-жүйеге келтіріліп, монография түрінде баяңдалды.
Зсрттеу нөтижелерін мақылдау және оқу-торбие жұмыстарында пайдалану. Алматы облысымен, Алматы қаласының мұғалімдер білімі мен біліктілігін көтеру институтында 1995 жылы қыркүйек айында 20 мектептің мұғалімдеріне «Төл оқулық -топырақтану тақырыптары бойынша қызықты материалдар мен танымдық эксперименттер пайдалану тәсілі тақырыбында 50 сағаттық лекция оқылды. Сондай-ақ, Абай атындағы Алматы мемлсксттік университетінің өсімдіктер экологиясы мен физиологиясы және биохимия кафедрасында 1998 жылы, топырақтану, экология, химия пәдеріне студенттердің танымдық қызығуын қалыптастыру тақырыбында лекия оқылды.
Егер мүмкіншілік туьш қалған жағдайда осы еңбектің ғылыми материаддардың қорытындыларына сүйеніп диссертация жазылатын болса, онда мына төмендегі проблемалар қорғауға ұсынуға болады.
1. «Танымдық қызығу» мен мәндес ұғымдардың байланысын көрсететін ғылыми моделдер.
2. Қазақстан биосферасының компоненттерін (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлары дүниесі, радиоэкологиялық жағдайларын) оқытуда пайдаланатын оқулыққа қосымша танымдық материалдарды іріктеу бағыттары және ғылыми принциптері.
3. Студенттердің және мектеп оқушыларының танымдық қызығуын қалыптастыратын Қазақстан биосферасын оқығанда алған білімін негізделген танымдық эксперименттік деректердің жіктелуін, жасалу жолының және пайдаланудың негіздемесі.
4. Қазақстан биосферасын (жерді, суды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, радиоэкологиялық жағдайынын оқыту үрдісімде қосымша ғылыми деретермен танымдық экспери-менттсрдсн алынған материалдарды енгізудің сынақтан өткізілген әдістсмелі жүйесі.

0 дауыс
ЕҢБЕК ТУРАЛЫ

Еңбек - өмір ажары.

Еңбек - дәулет, бедел - сәулет.

Еңбек - ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.

Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

Еңбексіз өмір - сөнген көмір.

Еңбек түбі - зейнет.

Еңбек - адамның екінші анасы.

Еңбек шаһар түзетеді.

Еңбексіздік жүдетеді.

Еңбекке қарай құрмет,
Жасына қарай ізет.

Еңбектің наны тәтті,
Емшектің сүті тәтті.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбек ептілікті сүйеді.

Еңбектікі екеу болар.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбек етсең - емерсің,
Ерінбесең - жеңерсің.

Еңбегі ештің күні кеш.

Еңбектің көзін тапсаң,
Байлықтың өзін табарсың.

Еңбек етсең ерінбей,
Қарның тояр тіленбей.

Еңбек етсең, ерінің асқа тиер,
Ілбіп кетсең, иегің тасқа тиер.

Еңбектен қашқан дөңбекке жолығар.

Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болады.

Еңбегі ештің тұзы сор.

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Еңбекпен ер өседі,
Егізбен төл өседі.

Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң, маған кел.
Белді бу да, бейнет қыл,
Байымасаң, маған кел.

Әдірә қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.

Ердің атын еңбек шығарар.

Ер дәулеті - еңбек.

Ер еңбекке бір түйсін.

Еңбек патшалықты асырайды.

Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.

Ащы еңбекке тұщы нан.

Емініп тапқанның,
Екі көзі шығады.
Еңбекпен тапқанның,
Екі бүйірі шығады.

Кедейшілік кетсін десең, еңбек ет,
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

Есесі қайтпас еңбек жоқ.

Ерте тұрғанның есесі артық.

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің ырысы артық.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Кім еңбек етсе, сол тоқ.

Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.

Көп еңбегі көңілді.

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам еңбек елден кеткізер.

Көрнекті іс көмілмейді.

Күш жақсы, күштен іс жақсы.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Бүгін тындырар ісіңді ертеңге қалдырма.

Сен істі сүйсең,
Іс саған бас иеді.

Бітер істің басына,
Жақсы келер қасына.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Бейнет көрмеген берекесіздік істейді.

Істің ақыры жігіттің пақырына қалады.

Беріле істеген берік болады.

Өнерлі істе жеміс бар,
Өрелі істе жеңіс бар.

Өнімсіз іске өңмендеме.

Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.

Есесі қайқан еңбек игі.

Қимылдаған қыр асар.

Қолы қимылдағанның ауызы қимылдар.

Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,
Ауызы қимылдаған адамға аштық жоқ.

Жаңбыр жауса - жер тоқ,
Егін ексе - ел тоқ,
Бұлақ ақса - көл тоқ,
Еңбек етсе - ер тоқ.

Халық қазанын қайнаттым,
Қолымның, кәне, қарасы.
Ер қазанын қайнаттым,
Етімнің, кәне, жарасы.

Түйір нан - тамшы тер.

Тамыр тартқан тарықпас.

Ексең егін, ішерсің тегін.

Не ексең, соны орарсың.

Еккен орар, берген алар.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын жеккен білер.

Жеріне қарай егін ек,
Жолына қарай жегін жек.

Егін ексең, тыңға ек,
Онан өнер өнім көп.

Еге білсең, егін тасқа да шығады.

Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды.

Тердің қадірін төккен білер,
Егіннің қадірін еккен білер.

Ерте еккен бүтін алар,
Кеш еккен отын алар.

Арпа егіп, бидай алам деме.

Егін піспей қам сайла.

Егіндікті күзде суар,
Күз суарсаң, жүз суар.

Тамырың қашса, тары ек,
Келер жыл тағы ек.

Тамырың келер қасыңа,
Қайыры тиер басыңа.

Бабасы еккенді баласы орады.

Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзгі күнгі мың дән.

Оқпанды жерге егін салма,
Жанжалды жерге жақын қонба.

Атасы жер жырта білмегеннің,
Баласы тұқым себе білмейді.

Су келтірер бір кісі,
Егін егер мың кісі.

Су - ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.

Жер жастанып, су сүйеніп жүрген.

Еккенің тікен болса,
Орғаның балауса болмас.

Арық қазған су ішер,
Араздасқан у ішер.

Жылай-жылай арық қазған,
Күле-күле су ішер.

Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.

Кезі келсе, кетпен шап,
Майрылмаса, қайрылсын.

Жер жыртқанда ізің болмаса,
Қырманда жүзің болмайды.

Диірмен тас та болса,
Жұртқа жейтін ас береді.

Диірменнің бір тасына тұтқа салып айналдырсаң, ұн аласың;
Екі тасына бірдей тұтқа салып айналдырсаң, құм аласың.

Малды тапқанға бақтыр,
Отты шапқанға жақтыр.

Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.

Қорасында айыры жоқтың малға қайырымы жоқ.

Мал баға білмеген пайда таба білмейді.

Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.

Мал жайған малдың жайылғанына тояды.

Қойшыны таяғы,
Қасқырды аяғы асырайды.

Малды баға біл, бабын таба біл.

Белгілі малшың болмаса,
Беліңді бу да, малға бар.

Күндіз қойын күтерсің,
Түнде жүнін түтерсің.

Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың,
Бәрің бірдей тойшы болсаң, қу боларсың.

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады.

Егін ексең, шығырыңды майла,
Мал бақсаң, өрісіңді сайла.

Бейнетсіз рахат жоқ.
Бейнет түбі - зейнет.

Екі қолға - бір күрек.

Бір қолын екі еткен.

Жазған құлда жату жоқ.

Қарманған қарап қалмайды.

Күрекке боқ көп.

Жұмыстың жаманы жоқ.

Шаруаның мұңы бір.

Жақсы жұмыс жанға тыныш.

Жұмыс басты - ер қашты.

Тек жүргенше тегін істе.

Қызмет қыл да, міндет қыл.

Жұмысы жемістінің өмірі келісті.

Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың тезін тап.

Бола көрме жұмыссыз,
Жұмыссыз адам ырыссыз.

Құлдай қызмет етсең,
Бектей жатып жейсің.

Есің барда етек жап,
Қайратың барда мал тап.

Есектің артын жу да, мал тап.

Бейнетің қатты болса,
Тапқаның тәтті болар.

Маңдайы терлемегеннің,
Қазаны қайнамайды.

Қолыма жұмыс бергенің,
Жаныма тыныс бергенің.

Жүйесін тауып жұмыс қыл,
Жерін тауып тыныс қыл.

Көрінген төбенің алысы жоқ,
Көтерген жүктің ауыры жоқ.

Аузың айтқанды қолмен істе.

Тамыздығын тапсаң, тас та жанады.

Сен бұтаны көтерсең,
Бұта сені көтереді.

Биыл ізі болса,
Келер жылы өзі болады.

Айыр - пішен қасында,
Кісен - кереге басында.

Сөз қуған пәлеге жолығар,
Шаруа қуған дәулетке молығар.

Шаруаның иті де ұрғашы болсын.

Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбегімен ер көгерер.

Жарғақ құлағы жастыққа тимейді.

Ұқсата білген ұтады.

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

Кетпенім сай, шотым сай,
Қазсам суға жетемін.
Атаным сай, атым сай,
Көшсем нуға жетемін.

Жасында жалықпаған
Қартайғанда тарықпайды.

Ер - егіз, еңбек - жалғыз.

Епсіздің еңбегі еш.

Әрекет түбі - берекет.

Алма ағашын бергеніне қарап бағала,
Адам баласын еңбегіне қарап бағала.

Еңбегің - дәулетің.

Сабақты ине сәтімен.

Өзің илеген терінің пұшпағы.

Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге мал тұрар.

Ойланбай істеген іс опық жегізеді.

Жер - байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.

Арқа еті арша, борбай еті борша.

Қайраты бар кісінің берекеті бар ісінің.

Там салғанның тамтығы қалмайды.

Істеп салдым бір істі,
Алла оңғарсын бұл істі.

Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.

Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

Тынымсызды жұмсасаң, бүлдіріп келер,
Тынымдыны жұмсасаң, тындырып келер.

Алманы шөлге ек, салыны көлге ек.

Істеу қиын, сынау (айту) оңай.

Күздік ексең, үздік ек.

Бүлдіру оңай, түзету қиын.

Өзің таппаған дүниенің қадірі жоқ.

Шапіу оңай, жинау қиын.

Жақтырмасаң, қойыңды бақтырма.

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.

Алтын шыққан жерді белден қаз.

Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі дегенде, анау-мынау ісім бар.

Түйменің инесіз күні жоқ.

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Ат шабысымен қадірлі,
Ер табысымен қадірлі.

Ер тынысы — еңбек,
Ез тынысы — ермек.

Ерінбегеннің саулығы егіз, қозысы семіз.

Ауыр жол атанды сынайды,
Ауыр іс адамды сынайды.

Мал баққанға бітеді,
Отын жаққанға бітеді.

Егін еккенге бітеді,
Жерін тауып сепкенге бітеді.

Жер астында алтын бар,
Қаза берсең, табасың.
Бау бар жерде жеміс бар,
Кеулей берсең, табасың.

Мехнат түбі - кейіс,
Рахат түбі - пейіш.

Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.

Біреуге елден береді,
Біреуге жерден береді.

Қурай тартсаң, күй шығар,
Ағаш тартсаң, үй шығар.

Құрал-сайман саз болса,
Машақатың аз болар.

Төзе алмасаң бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке.

Жұмсақты қию оңай,
Жұқаны жию оңай.

Ерінбеген елекпен су ішеді.

Көңілсіз басталған іс көпке бармайды.

Еңбекқорға әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.

Әр нәрсенің сәті бар.

Серт берген шегінбес,
Еңбектенген ерінбес.

Қойшы көп болса, қой арам өледі.

Десе де Құдай құрасын,
Еңбек етіп тұрасың.

Қой иесі бірге санаса,
Қойшы басқа санайды.

Келісті сөз - күміс,
Жемісті жұмыс - алтын.

Еңбек өмірді ажарлайды.

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Ердің ісі - келісу,
Ездің ісі - керісу.

Жолаушыны жол,
Шеберді қол асырайды.

Әр мехнатқа бір рахат.

Жақсыға ісің түссе,
Үзігіңді жалғайды;

Жаманға ісің түссе,
Бүтініңді жалмайды.

Екпесең, жер қысырайды,
Күтпесең, көл қысырайды.

Ісі білмес, кісі білер.

Адал еңбек аздырмас,
Сұмдық бойды жаздырмас.

Қары ауырмағанның басы ауырмайды.

Жұмысты адам емес, азбар істейді.

Қисық істің
Қырың жылдан кейін де қиығы шығар.

Қол - күрек: шабуылда қалқаның, бекіністе қорғаның.

Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.

Ер еңбегі елге ортақ.

Аз ақшаға алданып,
Өнбес іске жалданба.

Тілекке еңбек тірек.

Еңбек ет те, міндет ет.

Куәсіз істі күмән табады.

Тегін істің түбі шикі.

Көрікті қызған кезде бас.
...