+1 дауыс
бойды қалай өсіруге болады
21.10.2012 1.5k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Негізі адамның бойы 20 жасқа дейін өседі. Бойды өсіру үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор. Түрлі спорт түрлерімен шұғылдансын. Әсіресе суда жүзу, турникке тартылу бойдың тез өсуіне ықпал етеді. Құрамында витамині мол тағамдарды көбірек пайдалану керек. Майлы, тұзды тағамдардан гөрі түрлі жеміс-жидектер мен көкөністерді көбірек жегені дұрыс. Әсіресе сәбізді көбірек жегені жақсы. Бойдың өспей қалуына түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Сондықтан учаскелік дәрігерге көрініп, денсаулығын бір тексертіп алғанның да артықтығы жоқ. Негізі бойдың өсуіне самотропин деген гормон әсер етеді. Сол гормон жұмысын дұрыс атқарып тұр ма, сол жағын білу керек. Ол үшін жоғарыда айтып өткенімдей дәрігерге қаралған дұрыс. Осылайша өзіне көңіл бөліп, денсаулық күтімін назарға алса, бойы да өсіп, денесі де толысып, қатарларынан ұялмайтын болады.
21.10.2012
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы