0 дауыс
40.6k көрілді
Логистика қандай мамандық?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды. Логистиканың негізгі мақсаттары Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. 

Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану. Логистика салалары Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады: Қамтамыз ету логистикасы Өндірістік логистика Тарату логистикасы Сатудан кейінгі (after sales) логистика Шығарып тастау (disposal) логистикасы Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады. Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді. Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше. Шығарып тастау (disposal) логистикасы ның негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

0 дауыс
логистика мамандығына түсу үшін қандай пәндер таңдалады
0 дауыс
Математика география

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 23.07.2020 ҰБТ жайлы сұрақ қойды
...