тұрмыс салт жырлары реферат Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
*. тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
*. дінге байланысты салт өлеңдері ( жарапазан , арбау , жалбарыну , бақсы сарыны, бәдік),
*. үйлену салт өлеңдері ( тойбастар , жар-жар , сыңсу , беташар ),
*. мұң-шер өлеңдері ( қоштасу , естірту , көңіл айту , жоқтау ),
*. өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырлырында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететінлирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады.