+9 дауыс
1.2k көрілді
Менің сұрағым көбірек оқушылар мен студенттерге қатысты. Мен Android-та жұмыс істейтін смартфон, планшеттерге программа жаза аламын. Білгім келгені, оқушылар немесе студенттер өздерінің телефондарында қандай, не істей алатын программа көргісі келеді? Кез келген қиындықтағы (әрине, тым қиын емес) программаны жасай аламын.

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кішкентай балаларға қызықты қылып әліпби үйрететін программа жасауына болады. Менің ойымша, ешқандай бала қиналмайтындай, керісінше, одан сайын үйренгісі келетіндей етіп жасасаң, сондай программа керек сияқты ата-аналарға.
+5 дауыс
Оооо тамаша. Сайтымызда осындай сұрақтар қойылып жатса, онда біздің сайттың өсіп, белгілі  бір дәрежеге жеткендігін аңғартады.
Егер оңай бағдарламалар жазатын болсаң қаншалықты күрделілігін жасай аласың. Егер осы СЖ сайтының арнайы Android-қа арналған приложениесін қанша бағаға жазасың. Қандай параметрлер бойынша сұрақтарды көрсетуге болады. Біздің сайтта Rss жұмыс істейді, сол жерден импорттауға болады ма?Әлде арнайы параметр бойынша жүктейсің ба? Егер СЖ-ның приложениесін жазатын болсаң қанша қаражатқа жасай аласың?
Қазіргі кезде өзің білесің қазақ тілі енді дамып келе жатқан жайы бар. Қазақ тілінде ақпарат тарататын жаңалықтар сайты бар. Олардың саны бірнешеу. Орыстарда осы секілді қосымша прриложениелер саны көп. Бірақ Қазақша жаңалықтарды бір приложениеден оқи алатын Android арналған қосымша бағдарламаны көргім келеді. Ол приложениені ашқанда Қазақ тілінде бірнеше kazinform.kz baq.kz т.б. сайттардағы қазақша жаңалықтарды жариялап тұратын сайттардағы маңызды деген жаңалықтарды бір приложениеден оқығым келеді. Осындай приложениені іске асыра аласың ба!
т.б. ойларым бар еді. Қазір ойым шашыраңқы болып тұрғандықтиан еске түсер емес. Алдағы уақытта қандай қосымшаларды істеуге болатындығын пікір ретінде толықтыра жатармын.
Сәкен сайтымызға қош келдің. Сіздің қазақ тілді интернет қолданушыларға ұсынар біліміңіз бен ойыңыз көп деген ойдамын! :)
+2 дауыс
Жасаған программаң Қазақ шрифттерін қолдайтын бола ма? Қаншаға жасайсың?
Қазақ шрифттерін 100% көрсетеді. Приложениені жасағаннан кейін Android-тағы PlayMarket-ке қоямын. Кейін кез келген адам 150-300 тенгеге сатып ала алады.
Тегін болса жақсы
+3 дауыс
Менің негізгі мамандығым инженер-программист. Астанада жұмыс істеймін. Windows-ға көптеген программа жаздым, енді Android-қа жақсылап кірісейін деп едім. Менің негізгі мақсатым осындай жылдам дамып келе жатқан ОЖ-лерге арнап қазақ тіліндегі приложениелер жазу және осы арқылы өзіме қосымша қаражат көзін табу.
Осы сұрақ-жауап сайтының Android-қа арналған қосымшасына келетін болсақ, оны жасай аламын. Бағасы приложениенің талаптарына сәйкес болады, әрине, жеке компанияға тапсырыс бергеннен 2-3 есе арзан болады.
Сіздің осы бағыттарда жақсы идеяларының болса, бірігіп жұмыс істеуге болады деп ойлаймын. Менде дизайнерлік қабілеттер де бар, сондықтан ұтымды идея болса көпшілік қызығатын және оларға пайдалы болатын бағдарламалар жазуға болады.
Алдағы уақытта өзіңе хабарласатын боламын. Егер жоспарым бойынша барі іске асатын болса, алдағы уақытта өзіңе СЖ-ның приложениесін жасатын қалатын шығармын. Бастап жатқан істеріңе сәттілік.
нокиа смарфонғо .doс деген программа оқытуға болама
Nokia смартфон болғанымен оның операциялық жүйесі Symbian, Android емес. doc форматын ашатын Symbian-ға арналған программаның бірнеше түрі бар. Интернеттен іздеп көр.
Мен бұл сұрақты бір жаңалық ашу үшін емес және жасай алатыным туралы айтып мақтану үшін емес, көпшіліктен кеңес сұрау үшін, оларға қандай бағдарлама керек болып жүргенін білу үшін, 10000 қолданушысы бар сайттан 10 жақсы жауап алатын шығармын деген мақсатпен қойдым.
Nokia Symbian Anna,Belle ашады қалғандарын білмеймін
Сізбен бірге жұмыс жасауға болама менің мамандығым техник-программист :)))))))
Программист болып жұмыс істегісі келетіндерге, бұл 21-ғасырдың мамандығы, оған әрдайым сұраныс болады. Сондықтан программист болғыңыз келсе, алға мақсат қойып, программалау тілдерін оқи беріңіздер, білген адамға жұмысқа таңдап жүріп орналасуға болады.
0 дауыс
Андройд планшет таб 2 га казакша карип коя алмадм калай кояды
http://normal.kz/uploads/Smart_Keyboard_Pro_4.4.0.apk
0 дауыс
Сәкен, маған смартфонға намаз уақыттарын жасап берші мысалы андройдқа [www.sajde.kz][1]  бар сол сияқты смартфондар оқитын етіп жасашы


  [1]: http://namaz.kuran.kz/sajde/?l=kz
Сенің телефоның қандай? Мен жазсам тек сол андройдқа жазамын ғой.
Nokia 5228 смартфонғой
Иә, смартфон, бірақ оның операциялық жүйесі басқа (Android емес Symbian), сондықтан мен жазған программа  онда ашылмайды.
ммммм Symbian ға жасай алмайсың ба?
Symbian смарфондарына бар емеспе намаз уақытын көрсететін.Ovi Store сайтын мысалы мынау http://store.ovi.com/content/291286?clickSource=search&pos=3
мұнда 5228  ге жоқ екен
+1 дауыс
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары мен кодекстерi бар бағдарлама болса.
Рахмет, жақсы идея.
0 дауыс
Camera Translator бағдарламасы қазақ тіліне аудара алатын болса тіпті жақсы болар еді))
0 дауыс

сізбен қалай хабарлассам болады Сәкен Садуақасов!

Жеке бетіне жаз.
Белгісіз
...