Сөйлем иесі
Сөйлем-сөздерден тұратын ең ірі ғаламшар.Ал сөздер,ғаламшардағы мемлекеттер.Ғаламшардағы ең ірі мемлекеттер:Тұрлаулы және Тұрлаулы мүшелер.Тұрлаулы мүше мемлекетін Бастауыш "Патша"ретінде басқарады.Ал елдің "Патшайымы"Баяндауыш.Барлық сөйлем мүшелері Бастауышқа бағынады.Және ол сөйлемде басты роль атқарады.Онсыз сөйлем құралмайды.Бастауыштың адал уәзірлері болады.Олар:Кім?Не?Кімдер?Нелер?Кімі?Несі? және де өзгелері.Олар сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып,олардан жауап алады.Бастауыштың түп негізі,арғы атасы-Атау септігі.Және де Бастауыштың Дара,Күрделі,Үйірлі деген зерек балалары бар.Дара-көбінесе жеке жүреді.Күрделі-онда екіден артық досы жоқ.Ал Үйірлі болса-көпшіл.Олар да Бастауышқа бағынады.Бастауыштың жақын достары:Баяндауыш және Анықтауыш.Баяндауыш-Бастауыштың жары әрі сөйлемдегі ойды аяқтайды.Анықтауыш Бастауыштың бір-бірімен мағыналық жағынан байланысатын бірден-бір досы.
Жалпы алғанда,сөйлемге байланысты барлық мүшелер Бастауышпен байланысады,оған бағынады.Сондықтан да біз оны "Сөйлем иесі"деп атаймыз.
Мен бұны өз ойымнан жаздым,әрі сіздермен бөлісуді жөн көрдім.