+1 дауыс
12.6k көрілді
"Отбасымдағы менің орным" тақырыбында дайын тәрбие сағаты болса жіберіңіздерші өтінемін!

2 жауап

0 дауыс

Тақырыбы: Менің отбасым, менің үйім және ондағы менің орным.

Мақсаты:

Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды отбасымен сыйластыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Әже, ата, әке, ана, аға, іні, әпке, қарындас.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелері туралы көркем сөздер, үлгі суреттер, слайд көрсету.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, ойын, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.

 

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?

Ойын ойнағыларыңыз келе ме?

Олай болса мен сендермен «Мақалды жалғастыр» деген ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын шарты: Мына қолымдағы допты кез-келген балаға мақалдың бір жолын айтып лақтырамын, қағып алған бала мақалдың жалғасын айтып, допты кері қайтарады. Мұндағы мақсат сендердің білімдеріңді сынап, үлкендерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

 

Атадан бала туса игі

 

Әдептілік белгісі,

 

Ата бәйтерек,

 

Атаның сөзі,

 

Ананың көңілі балада,

 

Балапан ұяда не көрсе,

 

Ана сүті бой өсіреді,

 

Ананың сүті бал,

 

Күннің шуағы жылы,

 

Жақсы іске келер,

 

Атаңның баласы болма,

 

Әдепті бала –арлы бала,

 

Ақылды бала ата-анасын мақтатар,

 

Еңбек етсең ерінбей,

 

Жақсыдан үйрен,

 

Көп ойлап, жақсы нұсқа болсын,

 

Жарайсыңдар балалар!

Балалар шаттық шеңберінде тілектерін білдіріп, келген қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

Ойынға қызығушылығы артады.

 

 

 

-Жақсы.

-Ия.

 

 

 

Ойын шартын зейін қойып тыңдайды.

 

 

Ойынды жалғастырады.

 

 

 

 

 

-ата жолын қуса игі.

 

-иіліп сәлем бергені.

 

-бала жапырақ.

 

-ақылдың көзі.

 

-баланың көңілі далада.

 

-ұшқанда соны іледі.

 

-ана тілі ой өсіреді.

 

-баланың тілі бал.

 

-ананың құшағы жылы.

 

-жаман асқа келер.

 

-адамның баласы бол.

 

-әдепсіз бала сорлы бала.

 

-ақылсыз бала ата-анасын қақсатар.

 

-тояды қарның тіленбей.

 

-жаманнан жирен.

 

-сұраса-жауабың да қысқа болсын.

Іздену-ұйымдастырушы Балалар бүгін бізде валеология ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

 

Өткен сабақта біз не туралы әңгімелестік?

Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

 

Слайдтан дәрігер Салауаттың суреті көрсетіледі.

Дәрігер Салауат кім?

Салауат дәрігер ме?

Дұрыс айтасыңдар, балалар олай болса, деніміз сау болу үшін шынығуымыз керек екен.

Қандай қанатты сөздерді

білеміз?

Енді балалар бүгін волеология оқу іс-әрекетінде «Менің отбасым, менің үйім және ондағы орным» тақырыбында әңгімелесеміз.

 

Слайдтан көрініс.

Мынау отбасы мүшелерінің суреті. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы да жылы. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады.

 

Балалар отбасы мүшелері кімдер?

 

Бір сөзбен қалай атауға болады?

 

Кім өз отбасы туралы әңгімелеп береді?

 

 

Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

 

Отбасы мүшелеріне арналған кімдер көркем сөз біледі?

 

Сергіту сәті.

 

Балалар сендерге ата- аналарыңмен бірге орындауға тапсырма берілген болатын.

 

Слайдтан көрініс.

Мынау кімнің отбасы.

 

Балалар Сымбат пен Ақниет отбасындағы жақсы қасиеттерін әңгімеледі.Бәрімізде осындай ата-анамыздың қуанышы болып,әдепті болуға үйренейік.

 

Дидактикалық ойын:«Әр заттың өз орны бар».

Мақсаты:

-әр заттың қажеттілігі,өзінің атқаратын қызметі және кеңістіктегі орны жайлы түсініктерін бекіту.

-балалардың заттарға деген ұқыптылығын,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.

 

Құралдар: ыдыс-аяқтар, ойыншықтар, жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттар.

 

 

 

-дене тәрбиесі туралы.

 

-денемізді щынықтыруымыз керек.

-бұлшық еттерімізді жаттықтыруымыз керек.

-қозғалыс жасасақ түрлі аурулардан сақтандырады.

 

-сымбатты, ұзын бойлы, тік денелі, споттық дене бітімді дәрігер.

-ауруларды емдемей, тек адамдарды ауырмай өмір сүруге баулиды. Ол бізді денсаулық туралы білім алуға, дұрыс салауатты өмір сүруге үйретеді.

 

 

 

Дені саудың – жаны сау.

 

Шынықсаң- шымыр боларсың.

 

-Ата,әже, әке, ана, аға, іні, әпке, қарындас.

 

-Отбасы.

 

Динара: Менің отбасым бақытты. Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды. Менің отбасым тату.

 

-Аппағым, томпағым, еркем, құлыным.

 

Бердібек:

Күнде үйімнің қасынан

Көрші атайды көремін.

Жүгіріп кеп асыға

Оған сәлем беремін.

Қолымды ол күліп кеп,

Иіліп тұрып алады.

-Міне, нағыз жігіт деп,

Сүйсініп бір қалады.

 

Камшат:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

 

Ата болып ақыл айтып көріңдер

Әже болып, ертегі айтып беріңдер

Әке болып, еркелетіп көріңдер

Ана болып, мейірімділік төгіңдер

Аға болып үлгі көрсет кішіге

Іні болып, көмектес сен ісіне

Әпке болып, мейіріммен аяла

Қарындас боп, бауырында саяла.

Сымбат пен Ақниет әңгімелейді.

Балалар үш топқа бөлінеді. Қалташаның ішіндегі заттарды қарастырады.Әр затты өзінің қызметіне қажеттілігіне қарай топтастырып,бөліп алып,тиісті өз орындарына қораптарға салады.

Рефлексті коррекциялаушы Балалар бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?

Не туралы әңгімелестік?

Кімдерге арналған көркем сөздер айттық?

Қандай ойын ойнадыңдар?

 

Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, Сымбат пен Ақниет өз отбасылары туралы әңгімеледі.

Барлығымыз қонақтарға қарай жүріп жарты шеңбер жасап тұрайық.

 

Мен бүгін қонақтарға, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін!

Ал сендердің қандай тілектерің бар?

-Валеология.

 

 

-Отбасы мүшелері туралы.

-Ата-әже,әдептілікке баулитын.

 

-Дидактикалық ойын

-Елімізге тыныштық тілейміз!

-Күніміз жарық болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Нанымыз көп болсын!

-Бәріміз тату болайық!

-Ата-анамыз аман болсын!

-Аспанды бұлт шалмасын!

-Жаңаөзеніміз гүлденсін!

-Көріскенше күн жақсы,сау-саламатта болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ата-ананы қадірлеуді, жеке басының тазалығын сақтау,тазалық пен ұқыптылық адамның денінің сау,бақытты болуына көмектесетінін білуі керек.

Болуы керек: Үлгі сюжетті суреттер,слайд көріністері.

Баланың қолынан келуі: Жақсы,таза үй адамның өз-өзіне деген сенімділігін тудырып,

0 дауыс

Білім салалары: Қатынас, Таным, әлеуметтік, Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен танысу, құрастыру
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, «Әдептілік – әдемілік»кітабы, өлеңжұмбақ, ойындар.
Билингвальдық құрауыш:
Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,
Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.
Титтей бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
Балалар, қазір бізге Мөлдір жұмбақ жасырады.
Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Бала шығып атаны көрсетеді.
Ата туралы тақпақ.
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалы салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жермен көкті аралап.

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)
Көрсету.
Әке туралы тақпақ
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім»деп.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Көрсету.
Әже туралы тақпақ.
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Балалар, сендерді жақсы көретін, сүйікті адам кім? (Ана)
Көрсету.
Балалар, Ендеше мен сендерге өлең жұмбақ айтып берейін. Сендер соның шешуін айтыңдар
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын?
* * * *
Ертегі айтып беретін
Айтқаныңа сенетін.
Дегеніңді екі етпей
Жаңында сенің жүретін.
* * * *
Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын.
– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.
Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)
Әке, апа, аға, мен және бөпем туралы айтылған.
– Апай, бұл «Ата» – ғой
– Бұл «Әже» – ғой апай!
– Апай бұл біздің«анамыз» – ғой
Ұйымдық - іздену Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.
Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Арменияда тұрады. Бұл тәтем, менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.

Рефлекстік түзету - Қазір бәріміз мынадай тапсырма орындайық. Мына қима суреттерді құрастырайық.
Нені құрастырдық? Кім бар?
Жүректен – жүрекке: Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
Қорытындылау: 1. Отбасы мүшелерін ата.
• 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?
• 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
• 4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?
Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

...