+2 дауыс
664 көрілді
осыдан 2 жыл алдын 5 уақыт намаз оқитынмын,қазіргі кездері жалқаулығым артып барады.намазға есіме түскенде баратын болдым. Қалай жеңсем болады Өзімді???

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Намаз оқымаудың зияндылығы жөнінде хадис, аяттарды оқы.
Құдайдан қорықпағандарға намаз ауыр (бақара сүресі 45аят)
Жаннатқа кіргендер Тозақтағылардан: сендердің Тозаққа түсулеріңе не себеп болды деп сұрайды. Сонда олар:
"Біз Намаз оқушылардан емес едік"(мудәссир сүресі  43 аят)- деп жауап береді.
 Мұсылмандармен қатынасын үзген адам жайлы Пайғамбар салла аллаһу аләйһи уа сәләм: "үйірінен бөлінген қойды қасқыр жейді"- деп айтқан. Шайтанға жем болмас үшін намаз оқитындармен бірге жүр.
" Я иман келтіргендер! Сендерден кім дінінен бас тартса, Аллаһ (Т.) жедел басқа қауым әкеледі. Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүміндерге жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында күреседі. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші." (Мәйдә сүресі 54)
Алла разы болсын сізге! үлкен рахмет. намазды тастамауға тырысамын. Өзіңіз оқисыз ба намаз?
ия окимын альхамдулиллах дружба жибер [email protected]
...