+3 дауыс
329k қаралым

Үйімде құбыла бағытын қалай анықтасам болады? Оңтүстік батысқа қарасаң жаңылмайсың деп отыратын еді әжеміз. Құбыла бағытын анықтайтын видео немесе қосымшалар бар ма екен?

Күніне бес уақыт намазыңызда бағдар етіп алатын құбыланы анықтау кейде қиындық тудырып жатады. Мысалы, күн райына байланысты, т.б. жағдайлар. Енді бұл мәселеде мұсылмандар алаңдамаса да болады.

Ұдайы жаныңыздан табылатын қалта телефоны арқылы құбыланы оп-оңай анықтауыңызға мүмкіндік бар: Android-та Qibla Finder деп аталатын Google қосымшасын қоссаңыз болды.

Бұл жайында Mashable ақпарат көзі хабар таратты. Аталған қосымшаны орнатып, іске қоссаңыз болды – телефоныңыз арқылы қайда тұрғаныңызды анықтап аласыз да мобилді девайсты жан-жағыңызға айналдырасыз – фокуста қасиетті Қағба бейнесі шыққанша бұл әрекетіңізді жалғастыра бересіз.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.bogazsoft.prayertimekz&hl=ru

Осы қосымшаны орнатып алсаңыз болады. 

Құбыланың бағыты ауысып тұрмайды.

Құбыланың бағыты адамдардың тұрған қалаларына қарай әртүрлі болады. Мысалыға, Қазақстанның шығыс жақтары және оңтүстік аймақтары намаздарын батысқа және оңтүстік-батысқа қарай оқиды. Каспий бойы аймақтары көбірек оңтүстікке бұрылады.

Намазды Қағбаға қарап оқу парыз. Қасиеттi Мекке қаласында орналасқан Қағба ғимаратының бағытын Құбыла деп атайды.

Құбыла – Қағбаның ғимараты емес, оның тұрған жерi, яғни жерден аспанға дейiнгi сол аралықты құбыла деп атайды. Сондықтан, теңiз және құдық түбiнде, биiк тауда және ұшақта осы бағытқа бет бұрып оқылғанда құбылаға қарап оқылған болып саналады. Адамның екі көз қыры арасындағы бұрыш Қағба бағытына сай болса, оқылған намаз сахих (дұрыс) болады.

–1 дауыс
Сол жағыңды Күн шығатын жаққа, оң жағыңды Күн бататын жаққа қаратасың, сонда тіке алдыңдағы оңтүстікті  Құбыла деп есептеп намаз оқуға болады. Құбыла негізі Қағба, бірақ Меккеден 100 шақырымнан асқасын дәл Қағбаға емес Мекке қаласына қарап оқыса болады.
Егер точно керек болса, онда, оңтүстіктен сәл ( 14 градус) батысқа қарай бұрыласың.

р.s Ғалымдар Меккеден қашақта орналасқандар Құбыладан 15 градус оңға, 15 градус солға қателессе айып емес деп санаған.
Ия мен қателескен болам, сендердікі дұрыс. Бізге солай айтушы еді мешіт имамдары. Өтірікке шығарма менікін, кімдікі дұрыс екенін құдай білсін.
негізі дін туралы талас-тартыс болмауы керек бұл сайтта. Сайттың ережесінде солай жазылған. Егер білгіңіз келсе http://surak.kattani.kz/ осы сайтқа тіркеліп сұрағыңызды қоя беріңіз!
0 дауыс
оңтүстік батысқа қарасаң жаңылмайсың деген әкем.
0 дауыс
егер бұл көмектеспесе күн бататын жақты анықтап 20 градус солға бұрыл (Есіңізде болсын аяқты ешқашан құбылаға қаратып жатпайды) Ниетіңіз қабыл болсын!
0 дауыс

Құбыла бағыты — мұсылмандар намаз оқығанда бет бұратын қасиетті бағыт, ол Қағба орналасқан Меккеқаласына қарай бағытталады. Әлемнің қай жерінде болса да, әр мұсылман намаз кезінде осы бағытқа қарауға тырысады, бұл — құлшылықтың маңызды шарттарының бірі.

Құбыланы анықтаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі смартфондағы қосымшаларды пайдалану. Қазіргі кезде Қазақстандық программистер жасаған Sajda қосымшасын орнатып алсаңыз болды. Сол қосымша арқылы құбыла бағыты, намаз оқу уақытынанықтауға болады.

Табиғи тәсілдер арқылы да құбыланы шамалап табуға болады. Мысалы, күннің шығуы мен батуына қарап, немесе түнде жұлдыздарға (әсіресе Темірқазыққа) қарап бағыт анықтайды. Қазақстан аумағында құбыла негізінен оңтүстік-батысқа қарай бағытталады.

Құбыланы дұрыс табу — намаздың дұрыс орындалуы үшін маңызды. Сондықтан адам өз мүмкіндігінше дәл анықтауға тырысуы керек, ал нақты біле алмаған жағдайда шамамен дұрыс бағытқа бет бұру жеткілікті деп есептеледі.

127,998
сұрақ
323,120
жауап
153,172
пікір
73,070
қолданушы
...