0 дауыс
1.7k көрілді
тау ішінде деген өлеңнің минусы керек. өтінеееем!!!

1 жауап

0 дауыс
Әні мен сөзі Сәкен Сейфуллиндікі.
 Тау ішінде
*Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп
Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ән салдым есіп майда, жаяулатып
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып
Толқынды мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып
Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің*

Әннің плюсін [МЫНА][1] жерден
Әннің минусын   [МЫНА][2] жерден жүктей аласың. Іске сәт! :)


  [1]: http://rghost.ru/40853633
  [2]: http://rghost.ru/40853718
...