0 дауыс
3.2k көрілді
Алғашқы Өркениеттер ошағы......

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
*Сирия Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан шағын мемлекет. Жер көлемі 186,2 мың шаршы шақы­рым. Ол солтүстігінде Түркиямен, шығысында Иракпен, оңтүстігінде Иордания және Израильмен, ба­тысында Ливанмен шектеседі. Жері­нің басым көпшілігін шөл ба­сып жатыр. Бірақ оның қойнауын­да мұнай, фосфат, марганец, хром және т.б. пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Сонымен бірге Сирия тоқыма өндірісімен де мақтана алатын ел. Осы өндірістің 60-қа жуық фабрикаларының өнімдері Еуропаға шығарылады. Жері шағын болғанымен, бұл ел­дің тарихы мейлінше бай. Әлемдік өркениеттер мен мәдениеттің алғашқы ошағы осы жер.* Біздің жыл санауымыздан 14 ғасыр бұ­рын пайда болған финикия жазуы осында туған. Ежелгі эллин мен рим мәдениетінің қалыптасуына Сирияның мәдениет пен өнер қайраткерлері үлкен үлес қосқан. Елдің астанасы Дамаск қаласы өзінің ежелгі тарихымен әйгілі шаһар. Қазақ даласына Шам атауымен белгілі болған оның мәдениет пен білім орталықтарына ғұлама бабаларымыз барынша құмартқан. Адамзаттың Аристо­тель­ден кейінгі екінші ұстазы атанған отырарлық әл-Фараби осы Шам шаһарында тұрып, ұзақ жылдар ғылыммен айналысқан. Оның жаны да осы қалада жай тапқан. Был­тыр­ғы наурыз айында әл-Фараби мен осында жерленген тағы бір ұлы жаһангер бабамыз Сұлтан Бейба­рыс­тың кесенесінен туған жерге топырақ жеткізілген еді. Ол Оң­түстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесінің жанын­дағы арнаулы дайындалған орынға қойылды.

Шам шаһары әлемдегі ең ежел­гі қалалардың бірі болуымен қатар, қазіргі астаналардың ішін­дегі ең көнесі болып табылады. Оның жасын қазір шамамен 6-8 мың жылға апарады. Қаланың көне бөлігінде антика дәуірінен бұрынғы шаһардың жобасы сақ­талған. Орта ғасырлық медреселер мен базарлар, VІІІ ғасырда Омеяд династиясы өкілдерінің салдырған мешіті, Равеннің “алтын” жауһар­лары, Жақия пайғамбар салдырған алтын күмбез, Анакий әулиенің жер астындағы шіркеуі, Кисан Бабтың мұнарасы — бәрі-бәрі адам­зат дамуы тарихының көне куә­лері. Мұнда Мұхаммед пайғам­бар­дың (с.ғ.с.) сақал-шаштары, төр­тінші Әли халифтің ұлы Хұ­сейін­нің басы арнаулы орын­дарға қойылған. ХІІ ғасырда бас­қыншы кресшілерді елдің аумағынан қуып шыққан Салах ад-Дин сұлтанның да кесенесі сәулет өнерінің жау­һарларына жатады. Сирия халқы­ның осы Салах-ад-Диннен кейінгі орынға қойып, пір тұтатыны біздің батыр бабамыз Сұлтан Бейбарыс. Ол басқыншы кресшілерден Си­рия жерін толық азат еткен. Тіпті соғыс болған таулы мекенді де қазір сириялықтар құрмет тұтады. Оның есімі мектепке, шағын аудан­ға берілген. Ал әл-Фарабидің есімімен Дамаскінің үлкен даң­ғылдарының бірі аталады.

Дамаскінің өзі құла дүзде, шөл даланың ортасына түсе қалған оазисті қоныстанған. Қазір онда көне дәуірдің мол мұраларымен қатар, осы заманғы тамаша құры­лыстар, әсем үйлер салыныпты. Сириялықтар Дамаскінің жүрегі деп Сук әл-Халидия базарын айтады екен. Осы базар бұдан бір­неше ғасыр болған күйінде сақ­талған. Әрине, қазіргі тауарлардың көп түрлілігі ғана бұрынғы күйінен өзгеше. Мұнда тігіншілердің, етік­шілердің, зергерлердің, кілемші­лер­дің арнайы көшелері бар. Осы жерден Дамаскіге келген адам атақты Шам құрышынан құйыл­ған көне қанжар мен семсерден бастап, бейнеаппаратуралардың соңғы үлгісіне дейін сатып ала алады.

Сирия Араб Республикасы президенттік басқару жүйесіндегі республика. Елді ұзақ жылдар басқарған Хафиз Асадтан кейін қазір оның ұлы Башар Асад президенттік қызметті атқарып келеді. Өзінің құрылымы бойынша ел 14 провинцияға бөлінген. Сирия жері сонау есте жоқ ескі заман­дардан бері талай басқын­шы­лықты бастан өткізді. Атап қана өтер болсақ, ол біздің дәуірі­мізден бұрынғы ХVІ ғасырда Ежел­гі Египеттің құрамында болды. ХІІ ғасырда Сирияны еврейлер, VІІІ ғасырда ассирия­лық­тар басып алып, үстемдік жүр­гізді. Одан Сирия Вавилон патша­лығының, парсылар­дың, Алек­сандр Македонскийдің им­перия­ларына қарады. Ал VІІ ғасырда Сирияны арабтар басып алды. Одан Ақсақ Темірдің, крес­ші­лер­дің, қайтадан арабтардың, одан Осман империясының, ең соңы­­нан Францияның қол астында болды. Осы басқыншылықтардың нәтижесінде Сирия жерінде кітап тү­сірілген діндердің бәрі де қатты өріс­теді. Мұса, Иса, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарлардың бәрінің де Сирия жерінде ізі, қалдырған мұра­сы бар. Ол түгіл Адам атадан та­раған ағайынды жігіттер Қабыл­дың Абылды өлтірген жері де осында...

1946 жылы Сирия жерін басып алған француздар мен британ әскерлері шығарылған соң ел өз тәуелсіздігін жариялаған. 1958 жылы Сирия Египетпен бірігіп, Біріккен Араб Республикасын құрды. Бірақ оның ғұмыры ұзаққа бармай, 1961 жылы тарады. 1967 жылғы алты күндік соғыстың салдарынан Израиль Сирияның Голан қыраттары деп аталатын жақсы жерлерін басып алды. Содан бері Сирия Израильмен қырғи-қабақ қатынаста.
ТАПҚАНЫМ ОСЫ!!!

Ұқсас сұрақтар

...