+1 дауыс
1.4k көрілді
Сүйінбай мен Қатағанның айтысын қайдан таба алам? Екеуінің арасындағы айтыстың тек сөзі керек.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1847 жылы Қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл ас жиынға Қазақ пен Қырғыздың игі жақсылары бас қосады. Қазақ ақыны Сүйінбай Қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі. Екеуінің айтысы болып, Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру.

Қырғыз елінің шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: «Тезек төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе? ! » – деді. Өзінің аты бірінші аталғанда Сүйінбайдың айтқаны:

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік.

Қыран бүркіт қашқан аңға.

Хане Жатай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ем амандаса Орман ханға.

Арғы атаң ер Әтіке, батыр Жантай,

Басыңа кидің бөрік қызыл алтай.

Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін,

Боларын осы астың күттік алты ай.

Бас қосқан екі халық ұлы жиын,

Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай.

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Аруағым атам қырғыз келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай? !

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмарым басылмайды борандатпай!

Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез, қайыстай қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, Сүйінбайға тиіседі. [толық ақпарат][1]


  [1]: http://proza.kz/work/22934
Айдана негізі мәтінді көшіріп алып осныда жазсаңыз болады. Тек астына ақпарат мына жерден алынды десеңіз жеткілікті. Себебі ақпарат іздеегн адам ол бетке барып алуы шарт емес. Ал біз заңды бұзбай ақпарат көзіне гипер сілтеме беріп отырмыз. Оның үстіне сіздің жауабыңыз әдемі көрінетін болады. :))
Жарайды , өңдеп қойдым
Келесі де есте болады...
Сұрағыма ерінбей жауап бергеніңізге рахмет! Аллах разы болсын!
...