0 дауыс
Сессия кезінде оқытушылар ақша алмаса сессия дұрыс өтпеген сияқты көрінеді, мысалға мен маңдай теріммен жұмыс жасап тапқан ақшаммен қарындасымның оқуын төлеймін, оқу барысында қажет кітап пен оқу құралдарын алып беремін және сесиясында оқытушыға ақша беруім керек... кім ұтып кім ұтылып жатыр?...
24.06.2011 603 қаралым

3 жауап

+2 дауыс
Ақша бермесеңіз де болады ғой, мүмкін қарындасыңыз өзі оқымайтын шығар.Егер оқитын болса қойып береді ғой.
26.06.2011
+1 дауыс

Негізі оқитын адамға қоядай мұғалімдер! Ұтылатын еліміздің болашағы-себебі сол саладан білімсіз маман әзірленіп жатыр!

27.06.2011
+2 дауыс
Сессияны ақшамен жабу осы кезге дейін болған, қазіргі уақытта да бар және бола береді де, оны тек азайтпаса мүлдем жою мүмкін емес деп ойлаймын, көлдеңен келіп тұрған ақшаны кім жек көрсін. Негізі студентке байланысты, білімі жетіп тұрса жоғарғы жаққа шағымданса да ақшасыз өтетіндер бар (оқытушыдан артық білетін студенттер бар!). Және сессиядан ақшамен өтіп, жылына бір-екі рет көрінетін студенттердін арасынан шыққан жақсы мамандар да бар, яғни, ақшамен өткен студенттердің бәрі білімсіз деуге келіспеймін. Әке-шешесінін ақшасымен оқыған студенттер алдағы  күні жұмыс істеп қайтарса болғаны.
27.06.2011
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы