«Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйынбай», - деп ұлы Жамбыл пір тұтқан, үніне тау мен даланы түгел ұйытқан қыр бұлбұлы болған өз заманының заңғар ақыны.Семсер тілді суырып салма жыр жампозы сөз сайысына келгенде қазақ-қырғыздан алдына жан түсірмеген. Оны Мұхтар Әуезовтің «Жетісу ақындарыныңалтын діңгегі» атауы да содан болса керек. Айтыста ол қашанда қалың қазағына арқа сүйеп, оның белді-белді аталары мен беделді-беделді азаматтарынасқақтата алға тартып, айбынын асырып отырған. Оған оның қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен айтысы айғақ. Жалпы, Сүйінбай екі ананы тел емген еркебұландай ата көрші екі елдің жырын бойына тең сіңірген қазақ-қырғызға ортақ ақын десек артық емес. Ол әркез ауылы аралас, қойы қоралас екі халықтыңарасын әрекет араламай , тату-тыныш көрші болуын көксейді. Қырғыздың атышулы манабы Орманның хан болған баласы Үмбетәліге осыны қатты ескертеді.
Жау үстіне жау шығып,
Тартып жүрме азапты.
Жай жатқан елге өрт қойып,
Қайтарулы бүркіттей
Жайып қазақ қанатты,
Жеп жүрмегін таяқты, -
деп ашу-ыза араздықтың неге апарып соқтыратынын ашық айтады. От ауызды, орақ тілді өршіл ақын әсіресе ел билеушілердің әділетсіздігін көргендеарыстандай ақырып, олардың ерсі қылығын орақ тілмен орып түседі. Ондайда хан-төренің атақ-даңқына, абырой-беделіне, артық лауазымына да қарамай,бетің бар, жүзің бар демей сойып салады. Тіпті, олардың дос-жар жақындығына қарамай, кемшілігін бетіне басып, өлтіре әшкерелейді. Өзін еркелетіп,өнерінің ұстаруына, өлеңінің әрленуіне қамқор болып, жыл сайын өткізілетін ақын-жыршылар мен әнші-күйшілердің жиынын басқаруды тапсырып,бауырына тартып, жанында ұстайтын Тезек төренің өзін де жерден алып, жерге салып сынайды. Оның:
«Хан емессің, қиықсың,
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сиыпсың.
Не жұтса да тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсың», - деп Тезек төреге айтқаны еске түскенде, «шіркін-ай, қазіргі билік басындағы әкім-қаралардың әрқайсысының қасында тіліпайтып, тезге салып отыратын осындай семсер тілді Сүйінбайлар болса ғой» - деп армандайсың.
Сүйінбай Аронұлы 1822 жылы Алматы облысының қазіргі Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде туған. Өлең-жырға әуестігі он үш – он төртжасында оянып, алғаш аңыз-ертегілер мен қисса-дастандарды жаттап, ел арасында айтып жүрген. Кейін ақындық жолына түсіп, озық ойымен, өткір тілімендараланып, атағы қазақ-қырғызға кеңінен тараған. Ұзамай айтыстың асқан шеберіне айналып, өнер сайысында ешкімге дес бермейтін жұлдызды жүлдегерболған. Және ол халық мұңын мұңдап, жоқ-жітіктің жоғын жоқтап, бай-манаптардың, хан - төрелердің әділетсіздігін әшкерелеп, қалың елдің көңілінен шығабілген. Дәйім өз елінің бірлігі мен батырлығын жырлаған ақын артына Қарасай, Өтеген, Сұраншы, Саурық сияқты халық қаһармандары туралы тамашадастандар қалдырды. Оның шығармаларын алғаш жинап, кітап етіп бастырған қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров.
Шын жақсыда тарлық жоқ,
Әділ сөзге зорлық жоқ.
*
Хан құдайдың құлы емес,
Құдайға да құл керек.
*
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
*
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
*
Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр,
Тал түсте жүрер жолдан адасады.
Жақсы адам қай жерде де ажырайды
Жақсыға жұрттың бәрі таласады.
*
Жамандар-өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына.
Жалған сөзбен былғайды елдің ішін
Бықсыған ұқсап оттың шаласына.
*
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар жұртқа еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда
Қазақтың қалың жүнді көрпесіндей.
*
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
Олақтан салақ жаман, деген бар ғой,
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.