0 дауыс
80.2k көрілді
Лексикалық және грамматикалық талдау деген не және мысал болса?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
*Фонетикалық талдау.*
                                    
      Талдау реті
  1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
  2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
  3.Тасымал.
  4.Екпін.
  5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына  қарай талда.  
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
                                          Талдау үлгілері
Жанболат
1.  Жуан буынды сөз.
2.  Жан-бо-лат 3 буын.
     ВАВ-бітеу; ВА-ашық: ВАВ-бітеу буындар.
3.  2 тасымал.Жан-болат,Жанбо-лат
4.Екпін.7-А
5.6.
     Ж-Дауыссыз, ұяң, ызың, тіл алды.
     А-Дауысты, езулік, ашық, жуан.
     М(н)-Дауыссыз, үнді, шұғыл, тіл алды.
    Б-Дауыссыз, ұяң, шұғыл, ерін.
    О-Дауысты, еріндік, ашық, жуан.
    Л-Дауыссыз, үнді, ызың, тіл алды.
    А-Дауысты, езулік, ашық, жуан.
    Т-Дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл алды.
7.  8 әріп, 8 дыбыс.
8.  Кейінді ықпал

*Лексикалық талдау.*
      Талдау реті
1.Сөздің неше мағыналы екенін білу.
2.Мағынасын ашу, қандай мағынада берілген.
3.Омонимін,синонимін, антонимін табу.
4.Тұрақты тіркесте беріле ме? .
5.Тұрақты тіркес құрамында кездесе ме?.                                    
6.Сөздік құрамында қандай топқа жатады?.
7.Стильдік тұрғыдан қандай лексикаға жатады?.
8Сөздің неше лексикалық, неше грамматикалық мағынасы бар.

                                          Талдау үлгілері
Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға.
1.Қыз-моносемия.
2.Қыз-1.Әйел жынысты адамның жастық шағын білдіреді.
            Тура мағынада берілген.
3.-Омоним:1.Зат есім. (Әйел жынысты адамның жастық шағын                      білдіреді.)
                    2.Етістік. (Жану, ысу)
   -Синоним:бойжеткен.
   -Антоним:1.қыз-ұл.
                     2.қызу-өшу.
4.Тұрақты тіркесте беріледі:  «тақия тігер»
5.Тұрақты тіркес құрамында:
    «Қызға қырық үйден тыю»
    «Қыз елдің көркі.»
    «Қыздың жиған жүгіндей»
    «Қыздың жолы жіңішке»
    «Қыздың жаны қырық»
 6.Сөздік құрамында актив тобы.
 7.Стильдік тұрғыдан жалпы халықтық лексика.
8.-2 лексикалық мағына береді.
   -3 грамматикалық мағына береді.
       (жалпы,деректі, адамзат)
  
КӨМЕГІМ ТИСЕ ҚУАНЫШТЫМЫН!!
рахмет.Грамматикалык магына деген не?
Рахмет. Көмегі көп. Сандық талдау да болса
0 дауыс
Түсінікті болса өте жақсы болу шеді негізі өте жақсы.Бір жерін түс
0 дауыс
Кешіріңіздер маған лексикалық талдау керек болып тұр!"қатыгез"сөзіне лексикалық талдау жасап берыныздерші!
0 дауыс
маған мен,үшін,қатігез сөзздеріне  грамматикалық талдау керек еді
0 дауыс
Сәлеметсіз бе!Маған "танысқым келеді" сөз тіркесіне лексикалық талдау керек еді
...