Twitter (ағылш. Twitter — «сайрау», ауыспалы мағынасы «көп сөйлеу»[1]) — қысқа мәтіндік жазбалар жазуға арналған веб-сайт немесе жүйе (веб-сайт арқылы ғана емес, сондай-ақ СМС жіберу арқылы немесе арнайы сыртқы клиент-бағдарламалар көмегімен жазба қалдыру мүмкіндігі бар).
Тwitterдің бас кеңсесі Сан-Франциско қаласында (Калифорния штаты) орналасқан. Сондай-ақ Сан-Антонио (Техас штаты) мен Бостон (Массачусетс штаты) қалаларында оның серверлері мен кеңселері бар [2].
2011 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша оның 200 млн-нан астам тұтынушылары бар. Олардың 50 млн-ы твиттерді күнделікті пайдаланатын болса, 100 млн тұтынушы оның көмегіне жоқ дегенде айына бір рет жүгінеді. Тұтынушылардың 55 пайызы твиттерді мобилді гаджеттер арқылы қолданады.
Микроблогтар ғой достым!