–1 дауыс
656 көрілді

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
[СУреттер][1]
Шұғылданатын спорт түрі: Жалпы менің 7 жыл балалық өмірім боз кілемнің үстінде өткендіктен, өз
басым еркін күресті мақтан тұтамын. Мектеп жылдарында рэперлер мен курес шеберлері қалалық дәрежедегі жылдарға созылған төбелестерін есіме алсам бір күліп, бір мұңаямын. Қаншама жастар о дүниелік болды, сол төбелестер себебінен Аллахтан кешірім өтінемін өзім үшін, өзге достарым үшін.Ақын-жазушы:
Ақын дегенде Мұқағали Мақатевты танымайтын бірде бір қазақ жоқ шығар. Бірден айтайын, өзгелер сияқты ақындардан сөз, ұйқас тонайтын өнерім жоқ.Актеры: мен өз басым актер деп «Көксерек» фильміндегі жас бала мен «Менің атым Қожа» фильіміндегі қара домалақтарды атап өтер едім.Киносы: «Көксерек»
«Менің атым Қожа» «Махаббат бекеті» «Балкон» бала күндерімнің естеліктері. «Silent Hill», «Хищник», «Леон». Өз басым ужас жанрындағы киноларды ұнатамын. Сусыны: «Донер Кебаб» пен «Coca-Cola» - ның әңгімесі жарасатынын көбі мойындайды, мен де сол ойдамын. Қалада оригинал қымыз бен шұбат қайдан болсын, болса жақсы ғо, болмаса несі жақсы)))Тағамы: Ет етке, сорпа бетке го, сірә. Студенттік қу кашаны кейде сағынып та қоямын.Сүйікті ісі: Уақытылы оқыған намаз, жасырын садақа беру, мұқтаж мұсылмандарға жәрдемдесу, ең бастысы Суннаға еру, түсінген адам үшін.Әншісі: Самат Жуматов пен Ержан Боранбаев маған жеткіліктіСпортшысы: Қазақ елінің туын биікке көтергендер, және сол жолда тер төккендер.Ұстанымы: Ля Иляха Иль-Аллах
Мухаммад Расул Аллах және ұлы Раббым Аллахқа ортақ қоспау, ширк пен бидагаттан толық бас тарту, осы сынды амалдарды жек көруКөлік: «Ризамын бәтеңкеме мінбесем де қымбат көлік» Екі аяқ сау болсын. Болса VolkswagenTouareg болғаны жақсы.
___________________________________________________Ас`салямуалейкум құрметті оқырмандар! Сонымен Смерч яки Жақау-мен ең жақын болатын сәт, осы сәт деп білеміз. Себебі өмірмен өнердегі сырын аша бермейтін бұл өнер иесі, өз тыңдармандарына үлкен мүмкіндік жасап отыр. Ол 1986 жылы 4-ші ақпан айында Маңғыстау обылысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Оның толық аты жөні Утешов Аманкелді Төлегенұлы. Өз өнер жолын 2002 жылы бастаған болатын, 2003 жылы "Скромные хулиганы" атты Рэп команданың ұйымдастыруымен болған қалалық "Хип-Хоп 2003" фестивальнда 2 ші орынды иеленді және де сол Жаңаөзендегі Қазақша рэптың алғашқы болып туын тіккен алғашқы Бас Сардары! Көп кешікпей оның рэп шеберлігі Маңғыстауды емес барлық қазақ даласын тәнті етті. 2005 жылы Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған Батыс аймақтық, Достық фестивальнда да ол өз орнын көрсете білді. Сол фестивальда 40 команданың ішінен "Ultimatum, Ula & Zhako, West Ars командаларымен бірге ерекше сый марапатқа бөленді. Ақтау қаласында өткен ондаған рэп фестивальдардың сыйлы қонағы болып шақырылды. 2009 жылы Орал қаласында өткен "СПИД 2009" фестивальнда қатысушы, жекпе жек жанды BATTLE - дың жеңімпазы. Оның өнердегі ең алғашқы достары Смерч (Қылышбек), West brothers, RNR, Скромные хулиганы, 2 Маd, Самат Жуматов (Магнитола), (Seka 11), DJ Mambo, Nur, Armaha, Ultimatum (Crazy Mc, Kalara, Fantom), Griff, West ARS (Alik), Real Rich, Varna, S.E.G (Saka), J.M.B (Жарас) сынды жігіттер болатын. 2009 жылы Адай Отбасы (Rival, Maks, Griff, Torehan, Mc G) атты Жаңаөзен қаласынан жас Рэп шеберлерінің басын біріктірді, сол жылы сапалы алғашқы "Менің мекенім" атты бейне клип жарыққа шықты. 2010 жылы "Ел есіндегі дауыл" атты ресми альбомы Қазақстан тыңдармандарына күтпеген жерден тосын сый болды. 2-ші сапалы бейне клип "Соңғы таңдау" Оралдық режиссёр Ринат пен Парасаттың қолдауымен жарыққа шықты. 2011 жылы Орал қаласында NIDS Орталығында жасалған "Қазағыма лайықты" атты альбомды Жақау өз тыңдармандарына Оралдық қазақи бағыттағы Beatmaker Диди-мен жаңа сапалы альбомды Қазақстан тыңдармандарына ұсынды. Олардың бұл альбомы Қазақстан тыңдармандарымен, Қазақша Рэп шеберлері үшін жаңа бағыт, жаңа бір қазақи дәстүрлі жан деңгейдің бастамасы болды. Қазіргі таңда Жақау өнерден бөлек Бизнес-пен айналысып жатырғаны мәлім болды. "ART EAST" продюсерлік орталығымен келісімге отыруы мүмкін


  [1]: http://images.yandex.kz/yandsearch?text=%D1%81%D0%BC%D0%B5%D1%80%D1%87%20%D0%B6%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D1%83
+4 дауыс
[Міне!!!!][1]


  [1]: http://www.zhamagatpro.kz/publ/zhama_at_pro_sarbazdary/zha_au/amangeldi_zha_au/3-1-0-1
...