+1 дауыс
8.2k көрілді
Классицизм дегеніміз не???????????????????????????

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Классицизм (лат. classіcus – ең
үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың
басында әдебиет пен өнерде
өріс алған көркемдік бағыт.
Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі
Грекия мен Ежелгі Римнің
классиклық әдеби
шығармаларын үлгі тұтты.
Классицизм үрдісіндегі
туындылардың тек тақырып,
кейіпкерлерді таңдап алуында
ғана емес, сонымен қатар
қатынасушы адамдардың іс-
әрекеттерін суреттеуінде де
өзіндік өзгешеліктері бар.
Классицизмге тән негізгі
ерекшелік – көркем
шығарманың құрылысын бір
тәртіпке бағындыру. Мысалы,
драмалық шығармаларды “үш
бірлікті” сақтай отырып жазу
талап етілді: уақыт бірлігі
(оқиға бір тәулік – 24 сағат
ішінде ғана өтуі керек), орын
бірлігі (оқиға тек бір орында
ғана өтуі керек), оқиға бірлігі
(оқиға бірінен-бірі туындап,
бір ізбен дамып отыратын бір
ғана сюжеттік желіге құрылуы
шарт).
Шет ел классиктері
Классицизм теорияшылары
өзінің жоғары этикалық
идеясы мен эстетикалық
талғам биігіне сай әдебиеттегі
жанрларды “жоғарғы” және
“төменгі” деп бөлді. “Жоғарғы”
жанрға трагедия, эпопея, ода,
т.б. жатса, “төменгі” жанрға
комедия, сатира, мысал, т.б.
жатқызады. Классицизмнің
алғашқы әдеби негізі ретінде
Ежелгі дәуір әдебиетіндегі
Аристотель идеялары,
Горацийдің (б.з.б. 65 – 8 ж.)
поэтикалық шығармалары
алынғанмен, оның
кемелденген ағым ретінде ең
дәуірлеп өркендеген кезі 17 –
18 ғ-ларда Францияда болды.
Бұл кезеңдегі Классицизмның
ең ірі өкілдері – Н.Буалоның
( 1636 – 1711) поэтикалық
толғаулары, П.Корнельдің
( 1606 – 84), Ж.Расиннің (1639 –
99) трагедиялары, Ж.Б.
Мольердің комедиялары, т.б.
кең танымал болды.
Классицизм Ресейде 18 ғ-дың
2-ширегінен бастап өрістеді
А.Д. Кантемир (1708 – 44), А.П.
Сумароков (1717 – 77), В.К.
Тредиаковский (1703 – 68), Д.И.
Фонвизин, т.б.
Қазақ әдебиетінде Классицизм
Қазақ әдебиетінде Классицизм
үлгісі жыраулық поэзияда,
Абай, М.Жұмабаев, М.Әуезов,
т.б. шығармаларында көрініс
тапты.
Архитектура мен бейнелеу
өнеріндегі классицизм
Архитектура мен бейнелеу, сән
және қосалқы өнерде
Классицизм бароккомен, 18 ғ-
дан бастап рококомен жарыса
дамыды. Классицизмге қатаң
үйлесім, көбінесе, салтанатты
сипат тән. Оның негізіне
пішіндердің айқындығы мен
тектоникалығы,
композицияның жинақылығы
мен орнықтылығы, қатаң ритм
мен пропорциялылық
алынды. Архитектурадағы
Классицизмде ежелгі дәуір
сәулет өнерінің көптеген
принциптері мен жекелеген
желілері көрініс тапты.
Архитектурадағы К.
құрылыстарының бітімінде
геом. өлшем дәлдігі және
симметриялы түзу сызықтар
үстемдік етеді. Сәулет
ғимараттары алдында асқақ
бағаналары бар, қасбеті
үшбұрышты, ежелгі дәуір
ғимараттарына ұқсастырыла
тұрғызылды. Мұндай
құрылыстар біртіндеп бүкіл
Еуропаға тарады. Мүсін мен
сурет өнеріндегі Классицизмге
композиция тұйықтығы,
түрдің пластикалық шешімі
тән болып келеді. Классицизм
белгілері алғаш, 16 ғ-дың 2-
жартысында Италияда пайда
болды. Ал біртұтас стильдік
жүйе түрінде 17 ғ-дың 1-
жартысында Францияда
қалыптасты. Франция
рационализмінің эстетикалық
өзегі ретіндегі Классицизм,
әсіресе, бейнелеу өнерінде
жан-жақты ашылды. Франция
Классицизмнің көрнекті
өкілдері Жак Луи Давид, оның
шәкірті Доминик Энгр (1780 –
1867) және италиялық мүсінші
Антонио Канова (1757 – 1822),
даниялық Бертель
Торвальдсен (1768 – 1844)
болды. 19 ғ-дың 1-ширегінде
Классицизмде жалаң стиль
қуалаушылық пен академизм
белгілері бұрынғыдан да
күшейе түсті (Францияда
Давидтің кейінгі кезеңдегі
суреттері, ішінара Энгрдің
суреттері).
Еуропа елдерінде Классицизм
18 ғ. мен 19 ғ-дың басында
Еуропа елдерінде Классицизм
стилі басым бағытқа айналды
[Англияда арх. У.Кент, Дж.Пейн,
Германияда – арх. Ф.В.
Эрдмансдорф, К.Ф. Шинкель
(1781 – 1841), Д.Жилли,
суретшілер В.Тимбейн, А.Я.
Карстенс (1754 – 98), мүсінші
И.Г. Шадов (1764 – 1850);
Испанияда – арх. Х.де
Вильянуэва; Италияда – арх.
Дж. Пьермарини]. 19 ғ-дың
басында Классицизм АҚШ пен
Латын Америкасына тарады.
Ресейде Классицизм 18 ғ-дың
60 – 70-жылдарында және 19
ғ-дың басында өнердегі басым
бағытқа айналды. Санкт-
Петербург қаласы Классицизм
жобасымен салынды, бұл
орыс сәулет өнерін жаңа
биікке көтерді. Классицизм
шеңберінде монументті сәндік
және қондырма мүсін
[мүсіншілер Ф.Г. Гордеев (1744
– 1810), М.И. Козловский (1753
– 1802), Ф.П. Толстой (1783 –
1873), т.б.], кескіндеме өнері
[А.П. Лосенко (1737 – 73), А.И.
Иванов (1776 – 1848) т.б.], сән
және қосалқы өнер кеңінен
өрістеді. Классицизм
бағытындағы орыс
архитектурасының
дүниежүзілік маңызы артты
[арх. В.И. Баженов (1738 –
1799), М.Ф. Казаков, И.Е. Старов
(1745 – 1808), А.Н. Воронихин
(1759 – 1814), А.Д. Захаров
(1761 – 1811), К.И. Росси (1775
– 1849), В.П. Стасов (1769 –
1848 және, т.б.].
Театр өнеріндегі Классицизм
Театр өнеріндегі Классицизм
17 – 18 ғ-ларда Францияда кең
өріс алды. Ол Буалоның
“Поэтика өнері” атты
теориялық поэмасы негізінде
қалыптасты. Классицизм
трагедияға тән кейіпкердің
көңіл күйі мен сезім дүниесін
орынсыз әсірелеп көрсететін
тәсілден арылуға әрі драм.
шығармалардың идеясын
тереңірек ашуға жол салды;
сөйтіп, театрды шынайы өнер
биігіне көтерді. Рөл үстінде
саналы оймен жұмыс істеу
актерлер
шығармашылығының негізгі
бір шартына айналды. Бірақ
актер ойнайтын қаїарманының
ішкі жан-дүниесінен гөрі оның
сыртқы бейнесіне, сахналық
қимыл-әрекетіне көбірек көңіл
аударды. Мыс., трагедиялық
актерден өлең жолдарын
мәнеріне келтіріп, сезіммен
әсерлеп оқу ғана талап етілді.
Ал жалпы актерлік өнерде
шартты сахналық қимыл-
әрекет кең қанат жайды.
Мұның өзі актерлік амплуаны
туғызды. Актерлік өнерде
Классицизмге тән
қайшылықтар да бой көрсетті.
Актерлер сахнада кімнің рөлін
ойнаса да, оны ең алдымен
сұлу, өмірдегіден әлдеқайда
“биігірек” етіп көрсетуге
тырысты. Спектакльдер,
негізінен, симметрияға
құрылған
мизансценаларымен,
монументтік сән-салтанатымен
ерекшеленді, ал актерлер
тарихи және тұрмыстық
нақтылықтан жұрдай
декорация фонында ойнады.
Классицизмнің актерлік өнерде
орнығып қалыптасуы
Г.Мондори, Ж.Флоридар,
Т.Дюпарк, М.Шанмеле (1642 –
98) сияқты француз
актерлерінің
шығармашылығымен
байланысты. Француз
Классицизмі Еуропадағы басқа
елдердің театрларына да
ықпал жасады. Классицизмнің
ірі өкілдерінің санатына
Классицизм.Нейбер (1798 –
1860; Германия), Т.Беттертон
мен Дж.Кембл (1757 – 1823;
Англия) болды. Ресейде
Классицизм 18 ғасырдың 30 –
50-жылдарында белең алды.
Батыс Еуропа Классицизммен
салыстырғанда орыс
театрының көрнекті
қайраткерінің
шығармашылығында ұлттық,
патриоттық тақырып пен
тәрбиелік-ағартушылық сарын
басымырақ болды. 18
ғасырдың аяғы мен 19
ғасырдың басында Классицизм
идеялық және көркемдік
дағдарысқа ұшырады. Алайда
Классицизм өнер тарихында
барлық өнер түрлерін өзіне
бағындырған бірден бір бағыт
болды. Одан кейін пайда
болған қосымша өнер
бағыттары Классицизмдей
тарай алмады.
0 дауыс
http://slovari.yandex.ru/Классицизм/Словарь%20изобразительного%20искусства/Классицизм/ сілтемесі міне

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...