+2 дауыс
216k көрілді

Алтын күз туралы тақпақтар керек еді? Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін "алтын күз" деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Күз мезгілі келді, Жемістерін беріп түр. Жапырақтар сарғайып, Құс атауы көшіп тұр.

13 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәкен Сейфуллин

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

Күз тақпақ

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
 

Күз

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

+2 дауыс
Күз
 Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
 Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
 Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
 Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
 Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
 Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
 Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
 Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
 Біреу малма сапсиды, салып иін,
 Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
 Енесіне иіртіп шуда жібін,
 Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
 Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
 Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
 Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
 Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
 Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
 Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
 Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
 Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
 Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
 Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
 От жақпаған үйінің сұры қашып,
 Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
+1 дауыс
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
 
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
 
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
(М. Әлімбаев)

АЛТЫН КҮЗ

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
0 дауыс

Күз бен Біз
Көңіл шіркін күңіренген күзбенен,
Бірақ жаным содан жылу іздеген.
Ақ параққа қара сия төгілтіп,
Жазылады жүректегі ізгі өлең. 

Еніп кеттім құшағыңа еріксіз,
Болсаң да сен жапырақсыз көріксіз,
Ақын жаны күңіренген өзіңдей,
Күз келбеті біз өзіңе серікпіз. 

Жанға жара бір жапырақ үзілген,
Келем әлі сол баяғы ізіммен.
Уақыт-жүйрік ұстатпайды ешкімге,
Қош келіпсің қауышайын Күзіммен.... 

Күзде туған өлең Авторы НКН көшірмеулеріңізді сұранамын

0 дауыс
Жаз кетті кенеттен

 

Кеудешесі кенептен,

Белгісіздеу себеппен,

Келте көйлек жаз кетті

«Қош» деместен, кенеттен.

 

Күздің мынау сыңайы –

Күміс селеу самайы.

Сәукеленіп қамысы

Судың салқын маңайы.

 

Мизам іліп гүліне

Ұзады жаз шынымен.

Үсті қырдың боз қырау

«Уһлеген» түнімен.

 

Озған күндер ілгері

Көшкен құстай күздегі –

Көкке қанша үңілсең

Көрінбейді іздері.

 

Жанбай Өзденбаев
0 дауыс
Жиын-терін болатын, Қамбаға астық жинайтын. Қызыл қырман ойлайтын, Қай мезгіл деп ойлаймын? (Күз)
0 дауыс
5 сынып окушысына
0 дауыс
Алтын кузге олен шыгарасыздарма
0 дауыс
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Қарашы күз келді, күз келді

 Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.
0 дауыс
алтын  куз   нешун   болад?
0 дауыс
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен,
Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген.
Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,
Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта,
Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақта.
Қайтып бара жатыр, әне, сағыныштар-тырналар,
Ақ қайыңдар, тал, теректер… алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!
Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!
Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?
Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз…
Мұқағали Мақатаев
0 дауыс
Негізгі тақпақпен өлең:Күнді көрсең толғанар, Бұлты көрсең шамдалар. Қысты қазір жолатпа,                            тола түті қамбалар,
0 дауыс

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Ортаға себет толы жемістері бар

Күз келеді

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Көбейді құт — береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан — алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап — сары боп тұрғанда

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

...