+3 дауыс
128k көрілді
Информатика пәнінің мұғалімі кабинет қауіпсіздігі туралы лекцияны өзіміз жазып келуімізді тапсырып еді. Соған қысқа әрі түсінікті ережелері қажет?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :

- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге  тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

- Компьютердің  жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. -
- Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына  көз жеткізу керек ;

Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

- Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

- Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;

- Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

- Көз жаттығуларын білу міндетті.

Апаттық жағдайдағы ттехника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру.
Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

-  Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

-  Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;

-  Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;

-  Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;

-  Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

- Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;

- Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

- Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;

- Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

- Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;

- Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;

- Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;

- Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

- Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:

- Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

- Жұмыс орнын ретке келтiру;

Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

 1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);

2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;

3. Дәрігер шақыру;

4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына

байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:

- Ауырғанда  сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;

- Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу;

- Зақымданған жерге суық су құю;

- Алдын-ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін  мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.

ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:

- Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір

Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;

- Нашатыр  спиртін иіскету керек.

ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

- Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;

- Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;

Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар

1. Бас жаттығуларын жасау:

2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.

4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.

5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.

6. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар

1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет

2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.

3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.

4.1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
+1 дауыс
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.

Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс – әрекет ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ - пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
● компьютер сыныбындағы іс - әрекет ережелерін;
● қауіпті жағдайдағы іс - әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК - де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады
6. Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
0 дауыс
Маган информатика паніне кауіпсіздік ережелері керек тауып бере аласызба
+1 дауыс

Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3. Сабақты бекіту

4. Үйге тапсырма

1. НЕПЗП КАҒИДАЛАР

ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08. 02. 90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жатгығулармен танысулары қажет, ҚауіпсІздік техникасы бойынша нұскау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін алғашқы дөрігерлік көмек төсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.

ҚАУТПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:

1. Жалпы

2. ДК - де жұмысты бастау алдында

3. Жұмыс істеу кезінде

4. Авариялық жағдайларда

5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз қүрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

4. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жүмыс істеуге тыйым салынады.

6. Үстелге, ДК - дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды.

Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

8. Компьютер сыныбында жугіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жүмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК - де жұмыс істеуді бастау алдыңда қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дІң корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап түрмауына көңіл бөлу керек.

3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70cм)

сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

2. Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше

жаттығу орындау керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,

өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:

1. ДК - де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жүмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

3. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу керек.

4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

5. Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

1. Аппаратураны оқытушының нүсқауымен өшіру керек.

2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен закымданғанда көмек көрсету:

1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді ешіру);

2. Закымданған адамды электр тогынын өсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;

3. Зақымданған адамды карап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

4. Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқьшы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:

1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дөрілер беру (анальгин, валерьянка);

2. Күйгенжеріне майжағу (винилин);

3. Жарақатганған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суык судың астына үстау;

4. Дерігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жөрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бүрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

2. Дәрігер шақыру ( мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды тілінін аузындағы калпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;

2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан - ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

1 - жаттығу

- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.

- Көздеріңнің бүлшық етін босаңсытып, ашындар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4 - 5 рет қайталаңдар.

2 - жаттығу

- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

- Көздерінді талдырмаңдар.

- Алысқа қадалып қарандар.

3 - жаттығу

- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қарандар.

4 - жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қарандар.

5 - жаттығу

- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

- Алысқа қадалып қараңдар.

6 - жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілевдер.

- Алысқа қадалып қараңдар.

7 - жаттығу

- Көздерінді 20 - 30 секунд бойы жиі - жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.

0 дауыс

  1. Мен сыныптағы емес үйдегіні сұрадым ғой?!
  2. Қызық!
  3. Түк түсінбедім!
0 дауыс
1.Су немесе сусын әкелуге болмайды! Әйтпесе компьютерлерге төгіп қалуы мүмкін!

2. Тыныштық сақтау! Тыныштық сақтамасаң мұғалімге де басқа балаларға да және кабинетте отырған адамдарға кедергі жасайсың!

3. Мұғалімді тыңдау! Компьютерлер жөнінде айтып отырса ал сен тыңдамасаң! Мысалы:Компьютерде жұмыс істеген кезде білмей қалып, мұғалімнің мазасын аласың!

Бұлар менің ойым! Саған көмектесемін деген ойдамын
...