0 дауыс
1.2k көрілді
Ең алғашқы қоғам және оның тілі қандай болған?

1 жауап

0 дауыс

Алғашқы қауым — адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық-экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты — қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.

Неолиттік дәуірде еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде ең қарапайым шаруашылықтан (аңшылық, терімшілік, балық аулау) өндіруші шаруашылыққа (жер өңдеу, мал өсіру) өту процесі іске асты. Өндіріс қуатының өсуі тұрақты артық өнім шығаруға, қауым ішінде әлеуметтік қатынастардың өзгеріске ұшырауына, сыйлық алмасу жүйесінің дамуына негіз қалады. Әйел үстемдігіне негізделген некеден патриархаттық некеге, кейіннен моногаметалық некеге өтуге байланысты отбасының нығаюы және оның қауым шеңберінен дербестігі бірте-бірте арта түсті. Қауымдық меншік жеке меншікпен толықтырылды. Өндірістің жекешеленуі және отбасының нығаюы Алғашқы қауымдық ұжымшылдық пен қауымның тұтастай әлсіреуінің белгісі еді. Өндіргіш күштердің дамуына қарай (қола және темірден жасалған еңбек құра-жабдықтарына көшу) және отбасы арасында территориялық (көршілік) байланыстардың орнауына байланысты бірте-бірте Алғашқы қауымның ыдырауына әкелген көршілік, кейіннен жер өңдеуші қауым дүниеге келді. Жерге жеке меншік пен қауымдық меншік арасында ішкі қайшылық пайда болды. Мұндай ішкі қарама-қайшылықтың дамуы қоғамдық әлеуметтік жіктелу мен мемлекеттің пайда болуына жағдайлар жасап берді. Алайда адамзат тарихының бастауындағы қауымдаса өмір сүріп, шаруашылық жүргізу үрдісі әр түрлі үлгіде дамып, жалғасып келді. Әсіресе, шығыс халықтары дәстүрінде, табиғаты қатал аймақтарда қоныстанған өзге де халықтар тұрмысында өндірісті жүргізудің қауымдық түрі 20 ғасырдың соңына дейін сақталып отыр.

...