+4 дауыс
20.4k көрілді
Мысалы менің әкем ұйықтағанда қорылдайды  ?не себепті

4 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Оның да өзіндік себептері бар. Мәселен, жасы келген адамның шаршағанда ғана емес, жайшылықта да қорылдап ұйықтауы оның жүйкесі жұқарғанын, бұлшық еттерінің әлсірегенін білдіреді. Сол сияқты елуден асқан адамның күнделікті қорылдауы оның жоғары тыныс мүшелерінің құрғақтығын, мұрынның шырышты қабығының жұмысында ақау барын білдіретін көрінеді.

Жас бала немесе сәбидің қорылдауы оның суықтағанын, тұмау жұқтыру қаупінің жоғарылығынан хабар береді екен.

Кей-кейде дені сау, «айғырдай кісінеп» тұрған жастар да (әсіресе жігіттер) қорылдап ұйықтайтынын байқауға болады. Дәрігерлер мұны тегін емес дейді. Бұл темекінің улы қалдықтарының ыс сияқты тыныс алу жолдарында шамадан тыс көп жинақталып қалуынан немесе бұлшық еттің шаршағанынан болуы мүм­кін екен. Ал бойжеткендерде жоғары тыныс алу жолдарының суықтауға байланысты ісінуінен болуы ықтимал.

Салмағы мөлшерінен артық адамдарда да жиі қорылдау байқалады. Себебі бұл кезде тыныс алу жолдары тарыла бастайды. Қорылдамау үшін денедегі артық салмақтан арылып, қалыпты тепе-теңдікте болғаны жөн.

Алкогольді ішімдіктерді көп пайдалану мен оларды дәрі-дәрмектермен бір мезетте пайдалану да қорылдауға себеп бола алады. Алкогольді ішімдіктен алшақ болғаныңыз жалпы денсаулығыңыз үшін де пайдалы.

Аллергиялық аурулардың да кей кездері сіздің қорылдауыңызға өз үлесін қосуы ықтимал. Сондықтан оны емдеткеніңіз абзал.

Кейде жүкті әйелдер де қорылдай бастайды. Мұндай кезде дәрігерге қаралу керек.

Қысқасы, қорылдаудың  әртүрлі себептері бар. Сондықтан жиі қорылдайтын болсаңыз отоларинголог маманға қаралғаныңыз дұрыс. Қорылдауға мән бермей жүре беруге болмайды. Себебі үздіксіз, яғни күнде қорылдайтын адамның дұрыс тыныс алмауы салдарынан жүрегіне салмақ түседі. Ал жүрек туралы әңгіме өз алдына. Ендеше, деніңіз сау, ұйқыңыз тыныш болсын!
менің әкем 45 те    оны қалай  жоюға болады
Дәрігерге көрінудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Папаңа  айт ұқтағанда шалқасынан жатпасын, бір қырынан жатсын!!!
Неге қажеті жоқ дейсіз, дәрігердің кеңесі әрқашан қажет.
Белгісіз
+1 дауыс
Бұл ұйқы безіне байланысты және организм қатты шаршағандықтан болады.
Дұрыс емес. Ұйқы ешқандай ұйқы безіне қатысы жоқ. )))
Ахахаха әпке қалжың ғой)
+2 дауыс
Адам шалқасынан жатқанда қорылдап ұйықтайды.
Неге?
Себебі, астынғы жақ бұлшық еттеті күндіз сөйлегенде, тамақ жегенде қалыпты болады да ал кешке демалған кезде төмен қарай түседі, яғни тыныс жолы тарылады. Ал қырымен жатқан адам қорылдамайды, кейде ғана қорылдайды.  (қазір суретін тапсам салып жіберермін)
salyp jiberiniz!
Белгісіз
МММ қайыпі дегендей жокпа
0 дауыс
Менің қызым 16тыда ол бірақ түнде жаман қатты қорылдайды неге əлде бір жері асырғаннан ба
...