1. Істі құпиялау — Құдайдың даңқы,
Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы.
2. Кім өзін жұрттан артық санас, сол ақымақ.
3. Адамның басшысы - ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық.
4. Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор қылады, қулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап
5. Мақсатыңнан көзіңді алсаң, кедергілерді көре бастайсын
6. Ақшаңа үй сатып алуға болады,
Бірақ та отбасы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа сағат сатып алуға болады,
Бірақ та уақыт сатып ала алмайсың.
Ақшаңа төсек сатып алуға болады,
Бірақ та ұйқы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа кітап сатып алуға болады.
Бірақ та білім сатып ала алмайсың.
Ақшаңа дәрі сатып алуға болады,
Бірақ та денсаулық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа тақ сатып алуға болады,
Бірақ та атақ, абырой,сыйластық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа қан сатып алуға болады,
Бірақ та өмір сатып ала алмайсың
7. Алыстан алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын,
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
8. Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...
9.
-
ЖЕТІ ӘУЛИЕ.
Дән- әулие
Ақыл- әулие
Тұз- әулие
Қыз- әулие
Күн- әулие
Жер- әулие
Ай- әулие
ҚЫРЫҚ БІР ЫРЫС.
1.Жаратылым- жан ырысы
2.Тіршілік- хан иесі
3.Хан- тақ иесі
4.Тақ- әділдік ырысы
5.Әділдік- нақ ырысы
6.Байлық- сән ырысы
7.Сән- сәулет ырысы
8.Сәулет- дәулет ырысы
9.Сыйласым- татулық ырысы
10.Тұлпар- батыр ырысы
11.Ынтымақ- бірлік ырысы
12.Қайтпас ер- найза ырысы
13.Ерлік білегі- елдің ырысы
14.Су молдығы- көлдің ырысы
15.Еңбек- дән ырысы
16.Жарасым- береке-бірлік ырысы
17.Өнер- білім ырысы
18.Білім- өнер ырысы
19.Қос босаға- түтін ырысы
20.Әділ би- бүтін ырысы
21.Шілдехана- төр ырысы
22.Кебін- көр ырысы
23.Жаңбыр- жер ырысы
24.Ірге- ай ырысы
25.Жақсы сөз- жан ырысы
26.Шежіре бәйіт- сөз ырысы
27.Ақыл- көздің ырысы
28.Инабат- ізеттілік ырысы
29.Жақсы садақ - жасақ ырысы
30.Қалқан- арашашы ырысы
31.Шөп- мал ырысы
32.От- ел ырысы
33.Су- мал-жан ырысы
34.Ажал- жан алу ырысы
35.Жас- бақыт ырысы
36.Қан- құт ырысы
37.Сыйластық - сенімнің ырысы
38.Шыдамдылық- төзімнің ырысы
39.Тайсалмау- талаптың ырысы
40.Науқас- сырқаттың ырысы
41.Шипагерлік емдеу- айығудың ырысы.
-
10. Ерлік-елдің қасиеті,
Жүректілік-жігіттің қасиеті