+9 дауыс
503 көрілді
Көптен бері байқап жүрмін, мектеп оқушылары, студенттер осында өздері шығара алмаған есептердің берілгенін жазып, есеп шығарып берулеріңізді сұрайды. Одан не пайда? Бәрін есептерін шығарып бере берсек олар дайын жауапты дәптерге көшіріп ала салады, ал миында ол есепті шығару жолы жайлы түк қалмайды.
Ел болашағы білімді ұрпақ деп қоямыз, сонда біз қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Бұлай жалғаса беретін болса өсіп келе жатқан іні, қарындастарымыз білімсіз, жалқау болып шықпайды ма?
Ұсынысым: Есепті шығарып беретін болсақ, есепті шығару жолдары толық түсіндіріп жазаылатын болса. Немесе мұндай сұрақтарға тыйым салынса.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Асеке осылай ой қалдырғаныңыз өте орынды. Ия сырт көзге солай көрінуі мүмкін. Енді сіздің ойыңызға мен де ой қосып мен өз пікірімді қалдырайын.

Ия дайын жауапты мейлі көшіріп алсын. Бірақ қашанғы көшіреді деп ойлайсыз. Бір көшіреді екі көшіреді. Математиканы жақсы игерген қолданушыларға өздеріңнің білімін шыңдауға септігін тигізеді. Ал қарапайым сұрақ қойған қолданушыға тым болмаса сол есепті жазамын деген кезде сайтта келіп кішкене болса да бір екі сұрақ оқып, өзінің көңіліне туйіп алып кетеді. Үйәне бара сала есепті шығара алмаймын деп дәптерін жауып тастамай, қайта бір қотарып сұрақ ретінде қойып алда жалда ол есептің қалай шығып жатқандығына қызығушылығы арта бастайды. Өзі қатарлы балдар қалай шығарып жатқандығын көргенде оның да көзқарасы өзгереді. Мен сайт ашқалы бері барлығын бақылап келемін, талай кезеңді бастан өткіздік. Сайт жабылып қалу шағы алдында тұрған кездер де болған. Бірақ соңғы кездері алдын 3-4 жыл сайттың болашағын, қалай дамитынын, қандай бағытта кететіндігін көре алатындай дәрежеге жеттім. Бұл жағдай сайттың қолданушыларына да, сайтқа да кері әсерін тигізбейді. Қайта құр бос уақытын өткізіп жатқан агенттен сәл де болса білімге құштарлығын арттырып өзгертетін күйге жеткізеді.  Мысалы: Тоғжан деген өте жақсы математик қарындасымыз бар. Ол өзі де өзі түсінбеген сұрақтарын осныда қойды. Оның әлгі сұрағын көріп, мен жұмыстағы математик апайға өтініш қылған едім жауап жазып бересіз ба деп. Әлгі апайым Тоғжанның есепті қалай шығарып, қандай бағытта ізденіп жатқанын көріп бір сүйсінді. https://surak.baribar.kz/71249/

<br>Жаңaғы деген қолданушы айтқан пікірмен қосыламын. Қорықпаңыз Асеке қолданушыларға ешқандай кері әсерін тигізбейді. Сізге ағылсынша ИахуууАнсверс т.б. ағылсынша сайттарды мыалға келтіре аламын. Ол жақта  есептерді де басқа да жауаптарды бере алады. Бірақ кері әсер беріп жатқан деген көзқарасты байқамадым.
+1 дауыс
Толық түсіндіріліп жазылуы тиіс.  Өздері шығара алмаған дейсіз онда олар жалқау емес  ізденіп сол есепті біреудің көмегімен болсада шығарғылары келгені ғой, түсіну қиын ба соны???   Ал негізі ұсынысыңыз жақсы    Мысалға  осылай жазылса есеп онда үлкен көмек деп ойлаймын.     [міне былай][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/182440/#a182588
+1 дауыс
[Ұқсас сұрақ.][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/122397/
+1 дауыс
Менің ойымша, онда тұрған еш нәрсе жоқ.
Елдің бәрінде интернет жоқ қой оның үстіне.
Мысалы, орыс тілді сұрақ -жауап сайтында otvetymail.ru-да тіпті арнайы домашние задание деген санаты бар.Тек ол санаттың басына мынандай ескерту жазып қойған:
Дорогие друзья! Никто за вас ваши задания не сделает. Возможно, помогут разобраться с теорией. Задавайте вопросы правильно, не "сделайте вместо меня" а "я делаю-делаю, а вот в этом месте не понимаю, почему так?" или "где почитать про то как решать такие задачи" и т.п. Ну вы поняли, да? Удачи!
+1 дауыс
FatherHacker  менде бұл ұсынысты Админге айтқам,мектеп бағдарламасындағы сұрақтарды жасырайық деп...Бірақ үзілді кесілді қарсы болды...Амал который,енді ол сұрақтар көбеймесе азаймайды...
+1 дауыс
Менімше дұрыс емес бір жағынан керек сияқты.Мысалыға кей жастар әрине бәрі емес олар мұғалімі есеп берсе ол шығару жолын білмейді содан соң ей интернеттен іздей саламын,СЖ сайтына жаза саламын дейді де сөйтіп-сөйтіп жалғаса береді кітап ақтарғанна көрі ғаламтордан көмек күтеді.Ең дауасы математикалық арнайы сайт ашқан жөн сияқты.Көпке топырақ шашпайақ қойайын арамызда білімділер баршылық.
0 дауыс
Админнің айтқанымен толықтай келісемін. Олар қашанғы көшірер дейсің. Мысалы олар есептерін шығартқан соң мектептеріне барады. Сонон соң сыныптастарына айтады "осындай сайт бар сол жердегі қолданушыларға шығартып алдым, басқа да түсінбеген сұрақтарымды сол сайтқа қоямын, барлық қолданушылар білгенінше жауап беруге әзір" дейді. Үй тапсырмасын орындауға қиналып жүрген сыныптастары осы сайттың атын сұрайды. Ол келіп сұрақ-жауап сайтына тіркеледі. Ол барады да басқасына айтады. Біреуден-біреу естиді дегендей сұрақ-жауап сайтының қолданушылары күннен-күнге артып отырады.
...