Көптен бері байқап жүрмін, мектеп оқушылары, студенттер осында өздері шығара алмаған есептердің берілгенін жазып, есеп шығарып берулеріңізді сұрайды. Одан не пайда? Бәрін есептерін шығарып бере берсек олар дайын жауапты дәптерге көшіріп ала салады, ал миында ол есепті шығару жолы жайлы түк қалмайды.
Ел болашағы білімді ұрпақ деп қоямыз, сонда біз қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Бұлай жалғаса беретін болса өсіп келе жатқан іні, қарындастарымыз білімсіз, жалқау болып шықпайды ма?
Ұсынысым: Есепті шығарып беретін болсақ, есепті шығару жолдары толық түсіндіріп жазаылатын болса. Немесе мұндай сұрақтарға тыйым салынса.