+1 дауыс
45.8k көрілді
Асан Қайғының өмірбаяны қажет?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIVғасырдың аяғында дүниеге келіп, XVортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал атағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.

Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады.

Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмтылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жәнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Асан Қайғы толғауларында терең толғау бар. Ұлы мемлекет Алтын Орданың ыдырап, оның орнына пайда болған халықтар арасындағы алауыздық түбі орға жығатынын сол кездің өзінде болжаған. Талай ғасыр Алтын Ордаға тәуелді болған Ресей мемлекетінің күшейіп келе жатқанын ескертеді. Халық басына төген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды: " Ол күнде қарындастан қайыр кетер, ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, ұлы, қызың орысқа бодан болып, қайран ел, есіл жұртым сонда нетер? ".

Ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады.

«Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғасырдың ақыры, XV ғасырдың басы) мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ, Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен» – деп жазылған. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында.

Ал, Арал өңірінің төл перзенті, ақын Зейнолла Шүкіров өзінің «Сыр бойы» романында,ел арасындағы аңыз әңгіме желісі бойынша «Сартай батыр Асан Қайғының алтыншы ұрпағы, бабасы Қосқұлақ би Сауранды билеп, Ақназар ханның сенімді сардарларының бірі болса керек. Өз әкесі Байжан би Хиуа ханының төбе биі болыпты» – деп жазады. Сонымен қатар, осы романда «Асан Қайғы, Шерғұтты, Қарға бойлы Қазтуған Шора ханға сәлем бере келіп, Хантөрткүлдің басында кеңес құрады. Төрт хан бәтуаны бір жерге қоя алмай тарасады. Қазтуған ізіне ерген жұртты бастап Хорезм жұртына қарай жөн тартады. Шерғұтты ескі қонысы Ақ Жайыққа көшеді» – деп жазған.

Ақын З. Шүкіровтың романында келтірілген бұл деректер мұрағаттық деректермен нақтыланбаған. Дегенмен, жазба әдебиетінің өзі ауыз әдебиетінің негізінде дамыды емес пе?! З. Шүкіров Арал өңіріндегі көнекөз қариялардан естігенін жазған. Арал өңірінен шыққан өзге жазушылар да Асан Қайғы туралы ешқандай мағлұмат жоқ . Ақынның бұл аңызды әрі қарай дамытып жазуға, мұрағаттық деректермен салыстыруға денсаулығы жарамағанын әдебиет сүйер қауымның білетініне шүбәм жоқ. З. Шүкіров жазған осы Асан Қайғы туралы аңыздың бірнеше нұсқасы Арал өңірінде сақталған. Соның куәсіндей, жоғарыдағы келтірілген жер аттары да әлі күнге солай аталады.

Мен, өзім «Мың бала» жасағын бастаған қолбасшы он бес жасар Сартай батыр туралы ізденіп, жазып жүргеніме көп болды. Сартай батыр, оның арғы атасы Асан Қайғы туралы тоғыз жасымда ауыл ақсақалы Орынбеттен естіп, кейін әкем Кеңес бұл әңгімелерді қайталап айтып, құлағымда өшпестей етіп қалдырды. Осы күні Сартай батыр туралы аңызға айналған әңгімелерді мұрағаттық жазба деректермен салыстырғанда, сол айтылған аңыз әңгімелердің шындық екеніне көзім жетті. Естіген құлақта жазық жоқ дейді емес пе, олай болса, ауыл ақсақалының Асан Қайғы туралы айтқандарын оқырман қауымға жазып жеткізуді жөн көрдім. Ол үшін мені ешкім сөкпес деп ойлаймын.

Ескі әңгіме желісі бойынша, әкесі Әлімге мың ақ боз үй тіктіріп, барша қазаққа ас беретін баласы Жаманақ көрінеді. Жаманақ атамыз малына салған Х (қос шек) таңбасына байланысты «Шекті» аталып, одан тараған ұрпақтар да сол таңба атымен елге танылған – деп айтылып та, жазылып та жүр.

Жаманақтан (Шекті) – Шыңғыс, Өріс, Бәубек тарайды. Жаманақтың үлкені Шыңғыс тумысынан зерек, алғыр, бойына қасиет дарыған және соған сәйкес өте бай болған көрінеді. Қызылқұмды қысқы қонысы етіп, жаз жайлауға Қарақұм арқылы Ырғыз, Торғай, Ор, Түмен, Орынборға қарай көшеді екен. Шыңғыс өзінің өлетінін күнілгері біліп, алдын-ала елді жидырып, садақа береді. Садақа соңы күрес, көкпар тарту, ат бәйгесіне жалғасып, ұлан асыр тойға ұласады. Той аяқталысымен Шыңғыс ел жақсыларын өзінің ақ боз үйіне жинап, әкеден өзіне мирас болып қалған дүние-мүлікті, төрт түлік малды бөледі. Бабаңның көзі еді деп, Жаманақтан қалған қоңыраулы қара қобызды, көн садақты қорамсағымен ақ бураның үстіндегі қоржынның екі басына салдырып, төрт түлік малдан еншісін бөліп Жақайымнан туған он алты жасар немересі Қорасанға береді. «Сөйлер сөзге шешен, құралайды көзге атар мерген» – түбі осыдан шығады деген екен. Өзі киген ақ сауыты мен найзасын, шоқпарын Ақшулан атты тұлпарымен қоса ортаншы немересі Бөлекке (Шыңғыстың тауып алған баласы Қалудан туған) беріп, «айтқанынан қайтпайтын өжет, шеніне жау жолатпас батыр болады»- деген екен. Өзі мінген Ақ моншақ атты тұлпарын, беліне таққан қанжары мен қылышын төрт жастағы кіші немересі Тоғанға беріп «қиқу шықса намысы қозатын, ерегіскен дұшпанға есесін жібермейтін ер болады» – деп көрегендік танытқан. Қалған малды інілері Өріс пен Бәубекке, баласы Жақайымға тең бөліп береді. Садақаға қатысқан өзінің замандастарына, ағайындарына, туыс-жекжаттарына ат мінгізіп, шапан жауып барлығының көңілін тапқан екен – дейді. Осыдан кейін көп ұзамай Шыңғыс ерте дүние салады да шаңырақта қалған Жақайым аға баласы атанады. Ел-жұрт Шыңғыс атамыздың көріпкелдігіне тәнті болып қарапайым адамдық, азаматтық істеріне ризалық танытып «шынымен пейілі бай адам екен» – деп, кейінгілер Шыңғысты – Шынбай (ол бара-бара Шымбай) атандырыпты. Қызылқұмдағы Шыңғыс жайлаған қоныс «Шымбай» аталып, кейіннен қала болыпты дейді. Баласы Жақайымды да көнекөз қарттар: «түсінде Қыдыр бабаны үш рет көріп , батасын алған» – деп айтып отыратын.

Жақайымның бәйбішесінен Қорасан /Асан Қайғы, Ақбура/ Қызылқұмда туған көрінеді. Азан шақырып атын Қорасан қойғанымен, кейін Асан, Ақбура атануына оның жеңгелері мен шешелері себепкер болған көрінеді. Қорасан аты әулиенің аты болғандықтан, оның атын дәл атамай қазақ халқының менталитетіне сәйкес Асан деп, кейін атасының ақбура сыйлағанын ескеріп Ақбура атауы да әбден мүмкін.
0 дауыс
АСАН ҚАЙҒЫ       Печать

АСАН ҚАЙҒЫ (14 ғ-дың соңғы ширегі-15 ғ-дың 60 ж. ш. ), ақын, философ, аңыз кейіпкері. Халық қамын, елінің болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «кайғы» деген сөз қосып, Асан Қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде (15 ғ.) өмір сүрген Асан Қайғы алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Елге тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған қазақ мемлекетінде, Жәнібек, Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан Қайғы — көптеген нақыл сөздердің, философия толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының кұралу кезеңіндегі белгілі тарихи окиғалардың елесін танимыз. Асан Қайғы қазақ руларының Әбілқайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан Қайғы «ең алдымен хандық үкіметгі күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет» деп санайды. Жәнібек ханды «уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың» деп сөгеді. Шоқан Уәлиханов «көшпенді ноғай-қазақ ұлысының философы» деп атаған Асан Қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етеді. Біздін заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орныңда пайда болған ұсақ хандықтардың бәрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді. Өзінен соңғы ұрпақ әулие танып, «Асан Ата» атандырған ақын жайлы әрқилы мазмұн, әр түрлі сипаттағы әңгімелер халық арасына кең тараған. Асан Қайғы төңірегіндегі аңыздар негізінен үш жүйеге (Асанның алғаш танылуы, қайғы атануы, «Жерұйықты» іздеуі) бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең тандаулысы — Асан Қайғының «Жерұйыкты» іздеуі жайлы аңыз. Асан Қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен еткен қоныстарын жерсінбейді, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты —«Жерұйық». Бұл — елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті баға беріп отырады. Ақыры таба алмай, өксіп кеп, Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден кешеді. Аңыз — қазақ халқының бақытты тұрмыс, сәулетті болашақ туралы армандарының жемісі. Сонымен қатар бұл — Асан Қайғының бақыт мекені «Жерұйық» жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар.
жоок кате мен асан кайгымын мен білем
...