0 дауыс
Қазір жастар шулап жүр ғо флэшмоб деп ол немене өзі
29.09.2012 2.3k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Флешмоб дегеніміз -   *көпшіліктің қандай да бір оқиға, саяси шешімдерге қоғамдық пікірді білдірудің қарапайым, жедел және қауіпсіз әдісі. Белгіленген қоғамдық орынға бір топ адам санаулы ғана минуттарда тез жиналып, күні бұрын келісілген абсурдты, яғни таңғаларлық іс-әрекетті жүзеге асырып, сосын түк болмағандай тарап кетеді. Алайда ол қоғамға қандай да бір қауіп төндіретін іс-әрекет емес. Мәселен, 2006 жылы Белоруссияда сайлаудан кейін Минскінің орталық алаңына 30 шақты адам жиналып, алаңдағы үлкен монитордан Белоруссияның прокуроры сөйлеп жатқанда, көздерін байлап, демонстративті түрде экраннан бастарын бұрып тұрды. Біздің елімізде флешмоб туралы бірде-бір заңда көрсетілмегендіктен, оны қоғамдық наразылық тудыру акциясы деп танып, қатысушыларды жазаға тартып жүр. Бұл жерде басты мақсат – кейбір проблемаларға қоғамның көңілін аудару.*
29.09.2012
менің ойымша флэшмоб бидің түрі сияқты
жауап қанағаттанарлық емес пе?! Бидің түрі емес !
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы