Мендекеш Салтыбалдиев (1937, Атырау облысы Жылыой ауданы Амангелді ауылы – 1973, Алматы) – ақын, журналист. Маңғыстау туралы шығармалардың авторы. Есбол, Теңіз ауданы, Атырау облысы газеттерінде, облысы радио хабарын тарату комитетінде тілші, бөлім меңгерушісі (1954 – 69), Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасында редакция меңгерушісі, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы (1969 – 73) болып істеген. Жергілікті және респ. баспасөз беттерінде очерктер мен публицист., әдеби мақалалар, фельетондар мен әңгімелер, өлеңдер мен толғаулар жариялады. «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күн шуағы» (1970) аталатын өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар» (1970) дейтін очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» повесі (1971); сондай-ақ аудармасы (А.И. Покрышкин, «Аспандағы шайқас», 1973), «Мөлдір аспан» атты очерктері мен публицист. мақалалары (1978), «Қызғыш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағы (1975, 1979, 1988, 2003), т.б. кітаптары жарық көрді.[1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10] [11] [12]