Осы неге математиктерге Нобель сыйлығы берілмейді?

0 дауыс
3.7k қаралым
• Санаты: Қызық сұрақтар Белгісіз

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Алғашында Альфред Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз, көбінесе оны швед математигінің атымен байланыстырады. Сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер болған. Оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған екен.
Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдайды. Сонымен қатар мынадай болжам да бар, Нобель сыйлықты тек адамзатқа нақты және көрнекті пайдасын тигізетін жетістіктерге бермек болған, ал математика жетістіктері, әлеметтің көзқарасы бойынша, мұндайға жатпайды.
Нақты себеп, Нобелдің өсиетнамасында жазылмаған. Мұның бәрі болжам ғана.
127,815 сұрақ
322,426 жауап
153,155 пікір
72,957 қолданушы