0 дауыс
501 көрілді
Алматы тұрғындары назарына,
Маған керек антен WiMax флэшкама,
Жауап нақты, болса егжей-тегжейлі,
Білдіремін шексіз алғыс, респектімді.

Тобықтай түйіні Алматының бір миллион төрт жүз мың бірдеңенші тұрғыны болып жатырмын тфәлама. Абитуриент болғанмын бір-екі ай бұрын, қазір студент бакалавриат. Студент интернетсіз, ормансыз бұлбұл демекші, маған WiMax Digital-дың антеннасын сататын дүкен керектұғын. Қай жерде орналасқан? Бағасы да белгілі болса нұр үстіне нұр болар еді. Розыбакиева-Құрманғазыға жақын болса тіптен қатып кетер еді. Осы сұрағыма көз жүгірткендерге, яки жауап бергісі келгендерге, жауап берейін деп жатқандарға құрмет. Үлкен құрметпен Ербол Туралиев.

1 жауап

0 дауыс
Тимярезев Шашкин жақта офисі болған DIJIдің . Сол жаққа барып көр, ерінбесең.
КАк раз АУЭС ке жақын.
Рақмет. Қанағат тұттым.
...