0 дауыс
Сүйем оны, олда мені, бірақ екеуміз қызғаныштан көп ұрсысамыз,жүргенімізге 4 ай болды, 4 айдың ішінде 100 рет ұрсысып достастық, бір-бірімізді ұнатамыз дейміз, бірақ, 1-2 күннен кейін,бір-бірімізді сағына бастаймыз ,онымен ұрысқым келмейді,не істесем болады? Біз бір-бірімізді сүйеміз, бірақ әр минут сайын ұрсысамыз. Қызғаныштан.Мен оны мен ұрысқым келмейді, не істесем болады?
25.09.2012 1.7k қаралым

6 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Махаббаттағы ұрысып- айырылысу- бұл дегенің шын мәнінде екіге кету деген сөз емес. Бұл- сүйген жандардың бір- біріне деген сезімдерінің қаншалықты екенін түсінулерін көрсететін жолы ғана. Алайда, қатты кетпегендеріңіз абзал! Негізі, ұрыс- керіс береке- бірлікті қашырады. Өздеріңізді сол әдетке үйретіп алсаңыздар бір- бірлеріңізге деген сүйкімділік қашады. Оған жол бермеңіздер! 4 ай аз ғана уақыт! Енді басталған бастама.  Бастаманы қалай қалайтындарыңыз- сіздерге байланысты. Өзді- өзілік махаббаттан гөрі, сырт көздің көзқарасымен іштей санасыңыздар! Жұрт сүйсінер керемет махаббат бекетін қазірден қалауға өздеріңізді үйретіңіздер!
13.10.2012
0 дауыс
Ұрысу себебін табыңыз. Сүйген адам кешірімшіл болуы керек. Қызғануға себеп тудырмаңыз. Сүйген адам бір-біріне сенуі керек. Сенім мен сүйішпеншілік қатар жүргенде махаббат гулденеді, мәңгі болады. Бұл менің өз ойым
25.09.2012
0 дауыс
Нағыз махаббат мен сені сүйемінмен басталып құры енді сені көргім келмейді мен аяқталады ғой, сосын ертеніне дым болмағандай тағы сол музыка)
Қызық ғой сол ......))
13.10.2012
0 дауыс

Мен бір мақаладан оқыған едім (пайдалы кеңес екен) егерде сүйіктіңізбен ұрсысып қалсаңыз бірінші болып мойындай салыңыз. Содан соң кешірім сұрап, ашуы басылғанша күтіңіз.  Керісінше салғылассаңыз оданда жанжал болуы мүмкін. 

17.05.2015
0 дауыс
Сенің ғашығың, сені сынап жүріп,ары қарай резина болып созылып, жалғасып,тоқтай алмай кеткен ғой. Ұрысты тоқтатыңдар ,ден саулыққа қауіпті !.
17.05.2015
+1 дауыс
- Түсінесің бе? Біз үнемі ұрсысамыз. Үнемі... Демек, бірге бола алмаймыз ғой? Солай ма?
- Саған шие ұнай ма?
- Иә...
- Оны жегенде сүйегін алып тастайсың ба?
- Иә, әрине...
- Махаббат та дәл сондай. Өзің жақсы көрмейтін сүйекті алып таста, бірақ шиені жақсы көре бер.
17.05.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы