0 дауыс
3.9k көрілді
Мен Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде  оқимын. Колледжге Қ. Дүтбаева атағы берілгеніне байланысты 20жыл және де 85 жылдығына байлынысты  Қатира Дүтбаева туралы мағұлматтар керек

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Дүтбаева Қатира Ермекқызы 1927 жылы Гурьев қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Дүтбаев Ермек – шопан, анасы – үй шаруасындағы адам.
 1944 жылы Доссор орта мектебін аяқтап Гурьевке келіп екі айлық мұғалімдер курсында оқып, Доссордағы мектепте 1945 жылға дейін мұғалім болып қызмет етеді.
 1945 жылғы Қазақ қыздар педагогикалық институтына оқуға қабылданып, оны аяқтағаннан кейін 1949 Гурьев педучилищесіне директор болып тағайындалады. 1959 жылы Гурьев мектеп-интернатына директор, 1957-1968 ж.ж. аралығында Гурьев облыстық халыққа білім беру ұйымында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
 1978-1979 ж.ж. №1 жетім балаларға арналған мектеп- интернат директоры.
 1979-1981 ж.ж. облостық кәсіподақ комитетінің басшы.
1981 жылы облыстық білім қызыметкерлерының және жоғарға мектеппен ғылым мекемелрінің кәсіподақ комитетінің басшы
Қоғамдық жұмыстар:
1942 жылы ВЛКСМ мүшесі
1951 жылы КПСС мүшесі
1947 жылдан кәсіподақ ұйымы мүшесі
Гурьев облыстық Кеңестік ІІІ,ІV,V,VI шақырылымдарына депутат,
Гурьев облыстық VII,VIII,IX,X,XI,шақырылымдарына депутат,
1951-1958жж аралығында қалалық партия комитетінің мүшесі,
1958 жылы облыстық партия комитетінің мүшесі,
1950 жылы облыстық ғылым мұғалімдер одағы пленумы мен президиумының мүшесі болған
Қазақтан компартиясына V-IX, Қазақстан комсомолының IV-съездерін,
1960-1967жж Қазақстан мұғалімдерінің съезіне делегат болған.
+1 дауыс
[Қатира Дүтбаева Ермекқызы][1]осында толығырақ малұмат бар


  [1]: http://www.esentemir.org/14-dtbaeva-atira-ermekyzy.html
...