+1 дауыс
2.1k көрілді
Мен бұл жігітпен 6 сыныптан бастап бірге оқыдым. Ол негізі мектепті нашар оқыды. Мектепте жүрген де ол өте қыздарға жақын болатын. Қыздар нашар оқитын балаларға жақын болмайды ғой, сонда да ол қыздармен жақын тіл табыса алатын. Бірақ мен оған ол кезде жігіт ретінде қараған емеспін. Біздің махаббатымыз мен 4 курста жүргенде басталды. Ол ауылдаға мектепте мұғалім болып орналасқан кезі, колледжден кейін, ал мен мектепке практикадан өтуге барғам. Бңз сыныптас болған соң өте  жақын араластық, күнде кешке үйге келеді, әңгімелесеміз. Сөйтіп жүріп ол маған сөз айтты, мен негізі оған сенбейтінмін, неге екенін білмеймін. Оған мені сүйетініңді дәлелде деді. Солай екеуміз жүре бастадық, бірақ мінезіміз келмейтін жиі ренішетін едік. Солай жүргенде менің практикамда бітті. Мен қалаға оқуыма келдім. Кейін арамыз үзіліп қалды. Мен оқу бітірген соң басқа ауданға жұмысқа кеттім, ол сол ауылда жұмыс істейтін. Мен екі жыл басқа жақты жұмыс істедім, отбасыма байланысты өз туған ауылыма мектепке жұмысқа келдім. Ол сонда әлі жұмыс жасайтын. Бірге жұмыс істеген соң жиі араластық, арадағы 3 жылда онда да менде де жігіт болды, дегенмен ол маған өзіңді ұмыта алмадым деп қайта сөз салды. Мен келістім.Мүмкін расыменде екеуміз бір-біріміз үшін жаралған шығармыз, бізге тағы да мүмкіндік берілді неге оны пайдаланбасқа деген ой туды. Негізі ол маған ұнайтын, ұнайды деген жай сөз мен оны қатты жақсы көріп қалған едім. Арамыз жақсы болды, дегенмен екеуміздің арамызда бір кедергі бар болатын, ол екеуміздің руымыз әлі бір-бірінен қыз алысып, құда болған жоқ. Негізі өте қатты жақын емеспіз, дегенмен осыдан екеумз де қатты қорқатынбыз. Біздің жүретінімізді жан баласы білмейтін, екеуміз де жан баласына ештеңе шешілмейінше айтпаймыз деп шешкен болатынбыз. Бірақ мен бұл сырды іште сақтай алмадым, өзімнің жан дос қызыма айтып салдым, арамызда не болды, қандай әңгіме не міселе бәрін айтатынмын. Ол ақылын айтып, шын сүйсең бұл қиындықты да жеңуге болады дейтін. Әйтседе мен жігітке сенбейтінмін, мен оны қатты қызғанатынмын, мен оны басқа қызбен жүретінін естідім, ол әрине мойындамады. Екеуміз реніштік, 6 айдай жүрмей кеттік. Сол кезде маған басқа жігіт келді. Ол жігіттің кемшілігі ол жақсы ішетін еді, күйеуге шық деп ұсынып айтқанымен ішетінін сылтаулатып жүргенде бұрынғы сол жігітпен тағы да татуластым. Ол жігіттен бас тарттым. Екеумізідң арамыз жақсы болды, мен одан күдіктенбейін деп толық сенуге өзімді көндіріп, айтқан сөзіне сеніп жүргем, сөйтсем мен текке күдіктенбеген екен. Тағдыр маған тосын сый жасады. Ол менің дос қызыммен жүреді екен. Ол туралы мен біреуден естідім, сен сенген екі адам да сені алдап жүр, мен ол екеуін өз көзіммен көрдім, сенбесең қыздың телефонын қара онда екеуінің фота суреттері бар деді. Мен сенбедім, жігіт жарайды солай жасаса жасар, дос қызым олай емес, өйткені мен оны қалай сүйетінімді, қалай қиналып жүргенімді біледі деп ойладым. Дос қызым өзінің жігіті барын айтатын, бірақ кім екенін маған айтқан емес, тек уақыты келгенде айтам, мені қинама дейтін. Ол бұл ауылдан емес, сен танымайсың деген соң, олай еш ойлаған емеспін. Бір күні екеуміз отырғанда оған біреу телефон шалды, ол суға тусіп жатқан, қарап ем номері көрінбейді. Мен оған ваннаға апарып бердім, ол сөйлесті де жігітім ғой деп телефонды маған қайтарып берді, мен ойыма алдында айтқан сөз келді "сенбесең телефонын қара" деген . Мен еш ойланбастан телефонын ақтардым қыздың, бәрі рас болды. Ол екеуі шынында да жүреді екен. Кейін қызда мойындап айтты, мен айта алмадым екеуміз бұрын жүргенбіз, кейін кетістік, сенімен жай жүрген мені ұмыту үшін деді. Мен не істерімді білмеймін. Бәріміз бір жерде жұмыс жасаймыз гой не істесем болады. Жігіт телефонын көтермейді, мен қанша рет звандадым. Ол қазір ауылда емес.Ол келгенше жынданып кетпесем болыпты. Ақыл қосыңдар. Ең жақын екі адам маған осылай жасады.

6 жауап

–1 дауыс
біріншіден Бұл сұрақ жауап сайты ақыл кеңес беретін сайт емес екіншіден түсінемін жағдайыңыз қиын бірақ өз болашағынызды өзіңіз шешесіз
0 дауыс
тастаныз досынызды да жігітінізді де. енді анау дос деп айтуға келмейді сізді қалай қиналғандаығыныздын бәрін біліп жүріп сатып кету деген иттік ко.
0 дауыс
Кешірерсіз бірақ мына жазғаныңызды аяғына дейін оқи алмадым. Дүниеде не жаман сүйген жаман.махаббаттың отына күйген жаман. 2ғашық бірін бірі сүйіп жүріп,екеуі екі жақта жүрген жаман дейді ғой. Олар сізді алдаймыз деп ойламаған шығар,оларда өз сезімдеріне ерік беріп қойған шығар. Не болсада түсінуге тырысыңыз ересек қызсыз ғой. Өмірде мұндай жағдай көп болады. Депрессияға түсуге жол бермеңіз. Бұл оқиғаны болмашы нәрсе деп қабылдауға тырысыңыз.  Қиналған кезіңізде өзіңізден төмен жандарды еске алып,шүкір етіңіз.
Арине ұмытуға тырысам, көп рахмет
+1 дауыс
Қыздар да осындай жағдайда болады екен ғой сол кезде....................................
Толық баяндап бергенің жақсы негізі, осылай жазып тұр. Іште сақтағаннан осылай ақтарылып айтып женілдеп қаласын.
Саған ешқандай ақыл кеңес бере алмаймын... Өзімдеде осы жағдай болды, бір емес екі рет қайталанды... Біріншісінде сенің оқиғандағыдай болды, яғни жүріп жүрген қызымның құрбысымен жүрдім. Екіншісінде, менің сүйген қызым мені тастап досыммен жүріп кетті.
Өмір ғой))) Кейін осыны күліп еске аласын әлі ақ, менде осылай жазғаным бар, соны қазір күліп оқимын ғой анда-санда))))
"Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді"дейтін беді, тек атаң емес. кез келген адамға істегенің алдыңнан шығады екен-ау...
Иә.... Иә, солай!
Соңғы кездері тіпті қиналып кеттім((( Кезінде басқа адамдардың қиналуына себепкер болып едім, енді сол ойналып өзіме келуде, егер дәл барлығы өзіме қайталанса ужсссссс алда не күтіп тұр(( Асылық айтсам Жаратушы ием бір Алла кешірсін...
Ендеше иманыңызды үйіріп,дұғаңызды оқып бастай беріңіз... )))соншалықты ужыс не бүлдіріп едіңіз,қаттыы қорықтыңыз ғоо?
+1 дауыс
Барлығы да жақсы болады, уайымдама!
//////////////////////////////////////////
0 дауыс
ҰЖССС қанша талпынсам да толық оқуға невым жетпейді екен, ренжімеңіз.
Мына жеріне чуть түсінбей қалдым "арадағы 3 жылда онда да менде де жігіт болды" Сонда не болып кетті...
Сосын былай жобамен есптеп қарасам сіздің жасыңыз 27 ге келіп те қалған шығар, аыс кетпесеңіз... Бақытты болуыңызға тілектеспін, сізге ақыл қосатындай мен махаббаттан хабарым жоқ екен әлі... Сізде барлығы да серьезно шығар. Менде әлі де балалық басыммммм
...